Жалпы ережелер
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда іс шаралардың насихатталуына өлшеусіз үлес қосып отырған республикалық «Ana tili» газетінің 30 жылдық мерейтойына орай «Анамның тілі – айбыным менің» атты публицистикалық шығармаларға байқау жариялайды.
Байқауды өткізудің мақсаты:
- ақпарат айдынында 30 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «Ana tili» газетін қолдау;
- басылымның Тәуелсіздік жарияланғаннан бергі елдік тұрғыдағы асқан асулары мен рухты қалаулы істерін паш ету;
- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын арттыру;
- қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін жұртшылыққа кеңінен насихаттау.
Байқауды ұйымдастыру тәртібі
- Басқарма конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
Байқаудың шарттары
- «Ana tili» газетінің 30 жылдық мерейтойына еркін тақырыпта бір шығарма арнау.
- Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен,1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және үш беттен аспауы шарт.
- Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.
- Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі.
- Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
- Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
- Шығармалар 2020 жылғы 20 қаңтардан 10 наурызға дейін қабылданады.
- Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.
Қорытынды ережелер
- Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
- Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны «Ana tili» газетінде жарияланады.
- Байқаудың жеңімпаздары 2020 жылғы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Басқарма мен «Ana tili» газеті редакциясының арнайы дипломы және бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.
Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 21 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-62, факс: 30-59-50, e-mail: onomastika_obltildamytu@bk.ru