Меню
Страницы

«Онлайн - жәрмеңке өтуде»

«Онлайн - жәрмеңке өтуде»

«Онлайн - жәрмеңке өтуде»

 

Мемлекеттік басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» екендігін атап өтті.

         Қоғамдық диалог,  ашықтық,  адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

       Осыған орай, қазіргі таңда аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен,  Талғар ауданы әкімдігінің «facebook» әлеуметтік ресми парақшасында тікелей эфир арқылы онлайн -жәрмеңке өтуде.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - қызмет берушілердің әлеуметтік желі арқылы көрсетілетін қызметі алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық жане анық ақпарат ұсынуға бағытталған.

Ағымдағы жылдың 5 – ші қазан күні  ауыл щаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары салаларында,  19-шы қазан күні білім, спорт және әлеуметтік салада және  2-ші қараша күні денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде мемлекеттік қызмет көрсететін білікті бөлім басшылары мен мамандарының қатысуымен  онлайн - жәрмеңке өтті. Шара барысында желі қолданушылары көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып,  ұсыныстарын білдірді. Қызмет алушылардың оң бағасын алған бұл жәрмеңке жыл соңына дейін жалғасын табады деп жоспарлануда.

 

 

Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының м.а.  Ж.К.Сарсенбаева

Социальные медиа
Инстаграм
Фейсбук
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК