Талғар ауданының 2025 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы

Талғар ауданының

2025 жылғы   әлеуметтік – экономикалық  даму  қорытындылары туралы  анықтамасы

 

Бюджет

Жалпы  бюджетке  95 718,9 млн.теңге салықтық  түсімдер  жиналып,  жоспар 105,8 % орындалған. Оның ішінде,

Республикалық бюджетке 48 991,6 млн.теңге түсімдер жиналып, жоспар 110,0% орындалды.

Жергілікті бюджетке  46 727,3 млн.теңге   түсімдер   жиналып, жоспар 101,7% орындалды.

Жергілікті  бюджеттің ішінде:

-аудандық бюджетке 10 859,3 млн.теңге  түсіп,  болжам  102,7 %   орындалған;

-ауылдық бюджетке 9 737,0  млн теңге  түсті, болжам 100,4 %-ға  орындалды.

 

Берешек көлемі 18 580,5 млн теңгені құрап,  жыл басымен салыстырғанда – 74,3 млн теңгеге (01.01.2025ж-18 654,7млн.т.)  азайған. 

 

Бюджеттің шығыс бөлігі 31 429,7 млн. теңгеге, жоспар 99,8 %   орындалды (жоспар 31487,1 млн. теңге). 

 

Ауылшаруашылығы

Ауданның агроөнеркәсіп кешенінде 1,7 мың ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жасауда, 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

2025 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің жиынтық көлемі 59 992 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,3 %. Жылдық жоспардың орындалуы 123,1 % (жоспар-48 733,4 млн.тенге).

Алдын ала егіс алқабы – 19 055 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 557 гектарға артты. Бүгінгі күнге – 43 мың тонна дәнді дақылдар, 6.0 мың тонна майлы дақылдар, 23,0 мың тонна көкөніс, 15,0 мың тонна картоп, 2,0 мың тонна қауын қарбыз, 7,0 мың тонна жеміс-жидек өндірілді.

Мал қыстату науқанына арналған жем-шөп дайындау жоспары 100% орындалып, барлық түрі бойынша 201,4 мың тонна өнім жиналды (83000  тонна шөп, 30500  тонна пішендеме, 18400  тонна сабан, 17900  тонна  жем, 51600 тонна сүрлем).

Күздік егу жоспарына сәйкес 6700 га алқапта сүдігер жыртылып, 2100 га  күздік дақылдар егілді немесе  жоспар 100 % орындалды.

Жиын-терін жұмыстарына бөлінген 391,5 тонна арзандатылған дизель отыны толық көлемде игерілді. 

«Кеңдала» бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 934,1 млн. теңге бөлінді. 31 млн. теңгеге 2 несие берілді.

«Ауыл аманаты» аясында жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 165 жобаның құжаттары «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұсынылды.

525,4 млн.теңгеге 57 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 68 адам жұмыспен қамтылды.

11 ауыл шаруашылығы кооперативтері ашылды.

Агро-аймақ пилоттық жобасы шеңберінде 14,0 га жер құжаттары «Қонаев» әлеуметтік корпорациясының атына рәсімделді.

 

 Су үнемдеу технологиясы

 Бүгінгі күні суармалы жерлердің 8291 гектары (42,4 %-ы) су үнемдейтін технологиялармен суарылады. Оның 6894 га жаңбырлатып суару әдісін, 1397 га тамшылатып суару  әдісін қолданады.  2025 жылға бекітілген жоспар 100 % орындалып, 3664 гектарына жаңбырлатып суару әдісі енгізілді («Нұрбеков» ШҚ 2117 га, «Ла Фаттории» ЖШС - 1547 га).

 

Ауылшаруашылығы техникасы бойынша

Бүгінде, ауыл шаруашылығы техникаларының 47,5 %-ы ескірген (1 262 техника бар). Жаңарту мақсатында, жыл басынан 1 053 млн. теңгеге 26 жаңа техника сатып алынды (о.і.: лизинг 19 бірлік 923,1 млн.теңге), ол жоспардың 50 %-ы (жоспар 52 техника).

 

Жылыжай шаруашылығы

Жалпы алаңы 5,9 га алқапта 13 жылыжай шаруашылығы жұмыс жасауда. Дақыл айналымында 1 376,5 тонна өнім алынды.

Сыйымдылығы 18,5 мың тоннада 7 көкөніс-жеміс-картоп қоймалары бар. Бүгінде 85 % өнім салынды.

 

Мал шаруашылығы

Өткен жылмен салыстырғанда мал өндіру көрсеткіштерінің динамикасы өсуде. 13,4 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 939 тоннаға артты (орындалуы – 107,5 %). Сүт өндірісі 40,1 мың тоннаны құрап, 2 213 тоннаға өсті (105,8 %). Жұмыртқа өндірісі 35,1 млн. дана, 2 152 мың данаға артты (106,5 %). Жүн өндірісі 349 тоннаны құрап, 1,7 тоннаға көбейді (100,5 %).

Шаруашылықтардың барлық санаттарында – 32,6 мың бас ірі қара (89,1 %), 97,7 мың бас қой мен ешкі (98,4 %), 15,0 мың бас жылқы (107,4 %),  498 бас шошқа (162,7 %),  399 бас түйе (99,8 %), 327,4 мың бас құс (117,5 %) тіркелген.

 

Жалпы сиымдылығы 2,4 мың бастық ІҚМ арналған 3 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге бұқашықтармен қамтылуы (2,3 мың бас) 99,8 %.

Жалпы қуаттылығы 5,6 мың басқа арналған 7 сүт тауарлы фермалары жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге сауынды сиырлармен қамтамасыз ету деңгейі 95,0 %.

 

Ауданның жайылым алқабы – 121 159 гектарды құрайды. Оның ішінде Кербұлақ, Кеген массивінде 111 159 га, елді мекендерге жақын орналасқаны 10 000 га. 

Жайылымға жататын халықтың ауыл шаруашылығы жануарлары 38 мың бас (ІҚМ – 11 900, ҰММ – 21 873, жылқы –  4284).

Аудан бойынша жайылымдық жерлерге барлығы 7,2 мың га жер бөлінген. (оның 6,4 мың га - меморандумдар, 200 га - Іле-Алатау ҰП, 640 га - жер комиссиясы).

               Инвестициялық жобалар

Жалпы құны 6,0 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылды:

- Жалғамыс ауылында – «Fresh Storage Center» ЖШС сыйымдылығы 5 000 тонналық көкөніс қоймасы;

- Еңбекші ауылында – «Алматы» асыл тұқымды зауыты сүт тауарлы фермасына кеңейту жұмыстары жүргізілді;

- Жаңалық ауылында – «Строй Инвест ТС» ЖШС дәнді дақылдарды өңдеу, қайта өңдеу және сақтау кешенін іске қосты (қойма сыйымдылығы – 12 000 тонна, құрама жем өндіру қуаты – сағатына 70 тонна, кептіру қуаты – сағатына 50 тонна);

- Жалғамыс ауылында – «Алель Агро» АҚ табынды жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырды.

 

Суару  каналдары

1,3 млрд. теңгеге  4 арна (Бесағаш, Саз-Талғар, Р-3, Р-9) мен 1 каналға (Айтуар) қайта жаңарту мен  механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді (мердігер "АҚ Construction Company").

 

«Фестиваль Алма» іс-шараларына ауданның 8 ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысып, құны 4.5 млн.теңгені құрайтын 10 тонна алма сорттарымен қамтамасыз етті.  

Астана қаласында өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 12.0 млн.теңгені құрайтын 10 тонна алма сорттары, 1 тонна ет, 500 литр бал жеткізілді.

 

Субсидия көлемі барлық салалар (егін-83,7 млн.тенге, мал-530,5 млн.тенге, инвестиция 152,7 млн.тенге) бойынша 766,9 млн. теңгені құрады  (2024 жылы 513 млн.теңге көлемінде болған).

 

Жерлерді түгендеу

2023–2025 жылдар аралығында жүргізілген жерлерді түгендеу қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне қайтаруға жататын 39 292 гектар жер учаскесі анықталды. Оның ішінде, 79 жер учаскесі (жалпы аумағы 32 582,26 га) қайта игеру жұмыстарына кірісті.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 275 жер учаскесіне мониторинг жүргізілді, жалпы аумағы 15 999,63 га. Нәтижесінде:

         - 107 жер учаскесі (10 962,74 га) – жеке меншік, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды;

         - 78 уақытша жер пайдалану учаскесі (9 323,04 га) бойынша жалдау шартын бұзу туралы сотқа талап арыздар берілді.

Мемлекеттік жер қорына қайтарылған жерлердің жалпы аумағы 5180,771 га.

2025 жылы  667,0414 га  65  жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілді.

        

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 135 909,7 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі – 119,9%. Жылдық жоспардың орындалуы 100,7 % (жоспар-135000 млн.тенге).

Жыл басынан 3 өнеркәсіп орны ашылып, жалпы көлемі 160,0 млн.теңге инвестиция тартылды, 30 жұмыс орындары ашылды:

- Еркін ауылында жиһаз өнімдерін шығаратын цех ЖК "Ұланбек" (Ахмет Уланбек), өндіріс алаңы - 300 ш. м., өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың жиһаз өнімдері жасап құрастыру немесе 250 млн.теңгенің өнімі;  

- Талғар қаласы жалға алынған цехта орналасқан  алкогольсіз сусындар, минералды сулар және бөтелкедегі басқа да сулар өндіретін цех "Муханов" ЖК (Муханов Жанат), өндірістік қуаттылығы жылына 31 мың литр минералды сулар;

- Талғар қаласы жалға алынған цехта орналасқан дайын тағамдар (сақтау мерзімі 6 ай) өндіретін "Alyp je" ЖК (Қожабекова Ботагөз Бақытовна), өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың дана дайын тағамдар.     

Шағын және орта бизнес 

Шағын және орта бизнес  саласындағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 726 құрап,   47 007 адам жұмыспен  қамтылған, 576,6 млрд.теңгенің (жедел деректер) өнімі өндіріліп,  2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда  177,8 млрд теңгеге өсті немесе 144,5%, бюджетке 36,1 млрд. теңге (жедел деректер) салықтық түсімдер түсті.

Өнім өндіру бойынша жылдық жоспардың орындалуы 138,7% (415,8 млрд.тенге), салықтық түсімдер бойынша  104,6% (34,5 млрд.тенге) .

Ұлттық жоба шеңберінде "ДАМУ" Қоры арқылы 2025 жылы 38 жоба жалпы сомасы 8 066 млн. теңгеге қаржыландырылды, оның ішінде 23 жоба 7 217 млн. теңгеге субсидия алды, ал 15 жоба – 849,2 млн.теңгеге кредиттер бойынша кепілдіктер алды.

Жыл басынан бері 50 шағын және орта бизнес нысаны ашылды  (3 кафе, 3 дүкен, 1 ресторан, 2 сауда кешені, 1 сауда үйі, "Арзан" оптомаркет, т.б.), мұнда 323 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп 5 103,0 млн.теңге инвестиция тартылды.

 

Тауарайналым

Бөлшек тауар айналымының көлемі 177 658,4 млн. теңгені құрады, НҚИ – 108,6%.  Жылдық жоспардың орындалуы 90,7 % (жоспар-195873 млн.тенге).

Көтерме сауда көлемі 263 126,4 млн. теңгені құрады, НҚИ – 146,7%. Жылдық жоспардың орындалуы 140,4 % (жоспар-187415 млн.тенге).

 

 

 

Инвестиция

2025 жылы 164 424,0 млрд. теңге инвестиция тартылды. НҚИ – 114,4%.

Аудан көлемінде стратегиялық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық нысан – «Еуразиялық логистикалық паркі» пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі - 22 млрд. теңге. 14 га жер телімінде 50,3 мың ш.м. құрайтын заманауи «А» класты қойма кешені салынды. Нысан 350 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Логистикалық парк Алматы қаласынан 30 шақырым жерде, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының (ҮААЖ/БАКАД) бойында орналасқан. Бұл орналасу тәртібі Еуропа, Азия және Каспий аймағын байланыстыратын халықаралық көлік дәліздеріне тікелей шығуды қамтамасыз етеді. Жобаның негізгі мақсаты – мегаполистегі логистикалық жүктемені азайту, тауар ағындарын оңтайландыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру.

Ауданда жалпы құны 704,7 млрд.теңгені құрайтын 39 ірі  инвестициялық жобалар бар (8396 жұмыс орындары), соның ішінде биылғы жылы Қайрат ИА-нда жалпы құны 15,5 млрд.теңге болатын 4 жоба  2026 жылдың 1-жартыжылдығында  іске асыру жоспарлануда (211 жұмыс орындары):

- ЖШС «Hong Shun» сұйық шыны (натрий силикаты) өндіру зауытының құрылысы, инвестиция құны - 7,1 млрд.теңге;

- ЖШС «СтройИнвест-ТС» көпфункционалды өндірістік-логистикалық кешені құрылысы, инвестиция құны - 2,0 млрд.теңге;

- ЖШС «Water Supply» асфальтбетон қоспаларында целлюлоза қоспалар өндіру зауыты құрылысы, инвестиция құны - 4,76 млрд.теңге;

- ЖШС «TAMA Caps» кофемашиналар үшін алюминий капсулалар шығаратын зауыт құрылысы, инвестиция құны -1,6 млрд.теңге.

 

Туризм

Туризм саласында 37 туристік нысан бар (Талғар қаласы-9, ауылдық округтерде-28 нысан), 535 адам жұмыспен қамтылған.

2025 жылдың 3 тоқсаны бойынша көрсетілген қызметтер 3 702 млн.теңгені (2024ж–3250,9 млн.тг.) құрады, келушілер саны–87,7 мың адам (2024ж–92,3 мың адам).

Рысқұлов ауылында жаңа «TAL RESORT Aqua & SPA» заманауи туристік нысаны ашылды (1,4 га). Мұнда 22 қонақүй нөмірі, сауықтыру кешені, аквазона, пилинг орталығы, мейрамхана, кафелер, 45 жұмыс орындары құрылды (маусым уақытында қосымша— 30–35 адам). Кешен отбасылық және белсенді демалысқа бағытталған.

“Aqua Asia” туристік кешені іске қосылды, кешеннің жалпы аумағы — 8,5 га; жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 туристке дейін қабылдау мүмкіндігі немесе жылына 300 мыңнан астам адам, инвестиция көлемі - 5,0 млрд тг., 153-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

“Aqua Asia” туристік кешенінің жобасына заманауи инфрақұрылым, демалыс және сауықтыру аймақтары, аквапарк, ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен қонақүйлер кіреді.

 

Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй

Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 68 329,6 млрд.теңгеге  орындалып, нақты  индекс  көлемі -109,5% құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 96,7 % (жоспар-70629 млн.тенге).

Тұрғын үй іске қосу 270,6 мың ш.м, өткен жыл деңгейімен салыстырғанда  - 91,5% құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 107,6 % (жоспар-251,5 мың ш.м.).

Талғар қаласында екі 72 пәтерлі тұрғын үйдің (3,4 дақ)  құрылысы  аяқталып, пайдалануға қабылданды.  

Бір 72 пәтерлі тұрғын үйдің (5дақ)  құрылыс жұмыстары  аяқталуда.

 

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық желілерге қосу жұмыстары жүргізілді.

«Сапа Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының қаражаты есебінен «Жаңа» шағын ауданын толық электрмен қамтамасыз ететін (10-нан астам көппәтерлі тұрғын үй, орталық аудандық аурухана, балабақшалар, әкімшілік ғимараттар мен мектеп), ұзындығы 5 шақырым болатын екі кабель қалпына келтірілді.  

Әлеуметтік осал топтар үшін 230 пәтер сатып алынды, олардың бір бөлігі 2025 жылы өз иелеріне табысталды.

 

Коммуналдық шаруашылық  саласы

Су жүйесі

2024 жылдан бері Бесағаш, Кіші Байсерке, Ақдала ауылдарының су құбыры жүйесін салу жұмыстары аясында 83 шақырым су желілері салынуда. Аталған жобалар бойынша  құрылыс жұмыстары  88% аяқталған.

Бесқайнар ауылында ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары аяқталды, құрылыс құны – 411,9 млн. теңге.

 

Электр жабдықтау

Аудан аумағында жалпы 1996 ТП және 2192 км. электрмен жабдықтау желілері бар.

Кіші Байсерке, Гүлдала,  Нұра ауылы (Толе би, Байдыбек ы.а. (2 кезең)), Кызыл-Қайрат ауылы (Келешек ы.а.), Кеңдала (Жаңа Құрылыс)  ауылдарында электр беру желілерін салу жұмыстары  аяқталып, 37 трансформатор, 132 шақырым электр желісі салынып, 5 ауылдың 14 мың тұрғыны сапалы электр желісімен  қамтылды.

 

Жылумен жабдықтау

Талғар ауданында 252 көпқабатты үй бар, оның 138 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылған.

Қамтылмаған 114 тұрғын үйді жылумен жабдықтау мақсатында 68 көпқабатты тұрғын үйге 19 блокты-модульды қазандықты орнатуға жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде, Талғар қаласының Бокина-Шаяхметова көшесі, Кеңдала, Ақтас, Алтын Дән ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 15 тұрғын үйдегі  312 пәтер немесе 1 232 тұрғын жылумен қамтылды.

2025 жылы 9 БМҚ бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта «Талғар жылу» ШЖҚ МКК балансына қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

3 БМҚ (Рысқұлов 83, Қашқари 3,7,9, Емелев 16, Жандосов 37,38 Ноғайбаев 18) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, аяқталу мерзімі 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған. 

 

Газдандыру

Аудандағы 46 елді мекеннің 42-не газ жүргізілген, немесе 91,3%.

2025 жылы  7 ауылда газдандыру жұмыстары аяқталды:

- 2 ауылда  бюджет қаражаты есебінен (Кіші Байсерке, «Еламан);

- 5 ауылда (Жаңалық, Достық, Сақтан, Жаңаарна, Каменское плато) жеке инвестордың қаражатымен.

 

Жолдар

2025 жылы жалпы ұзындығы 72 шақырым жол жөнделді (18 шақырым өтпелі), жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 4% өсіп  71%-ға жетті (2024жыл-67%).

Оның ішінде:

күрделі жөндеу – 3,6 шақырым  

орташа жөндеу- 35,4 шақырым:

            - «Ауыл - Ел бесігі» жобасымен 7 шақырым

            - «Жайлы мектеп» жобасы аясында 8 шақырым

маршрутты тәсілмен 33 шақырым жолдар  жөндеуден өтті.

Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 138,5 млн. теңге қарастырылып, жоспарланған жұмыстар жүргізілді.  

 

Жолаушы тасымалы

Аудан бойынша 11 ауданаралық автокөлік маршруттарында 46  автобус  (9-резерв) жұмыс жасайды. Тасымалдау қызметін «Тұлпар экспресс-А» ЖШС жүзеге асырады.

Электрондық билет «Алем Пэй» жүйесі жұмыс істейді.

Оқушылардың жолақысы 50% жеңілдікпен 60 теңгені құрайды.

Алтын алқа, Күміс алқа иегері және 1-топ мүмкінгіді шектеулі жандарға жол ақысы тегін.

«Тұлпар экспресс-А» ЖШС 2023 жылы 5 автобус  жаңартқан.

 

Қала маңы маршруттары бойынша

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Алматы қаласынан 50 км радиустағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру Алматы қаласының құзыретіне жатады.

Қазіргі уақытта Талғар ауданының елді мекендеріне қала маңына қатынайтын 24 маршрут қызмет көрсетуде, бұл бағыттарда 331 автобус жұмыс істейді. Талғар ауданы бойынша 98% ауылдар қамтылды.

 

Әлеуметтік  сала

Білім саласы

Ауданда 59 мектеп (о.і 46 мемлекеттік, 12 жекеменшік мектеп, 1 мектеп интернат),  5 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі  жұмыс жасайды.

2025-2026 оқу жылында  55939 оқушы білім алуда. Мұғалімдер саны – 5108.

1349 педагог аттестатталды (оның ішінде педагог-шебер – 28, педагог-зерттеуші – 420,  педагог-сарапшы – 292,  педагог-модератор – 1738). 

Орыс тілінде білім беретін химия, физика, математика, биология пәндерінен 11 педагог жетіспейді.  

Білім сапасы – 65,9%. Өткен оқу жылының сәйкес мерзімімен салыстырғанда білім сапасы 1,1%-ға өсті (2024 жыл 64,8%).

33 мектепте (73,3 %) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Инклюзивті білім берумен 428 бала қамтылған,   28 мектепте 323 оқушы үйден  оқытылады. 

 

  Үш ауысымдық оқыту

  Бүгінгі таңда үш ауысыммен оқитын мектептер саны – 3 (Тұздыбастау ауылындағы №13, №31 ОМ, Кендала ауылындағы №42 ОМ).

2025-2026 оқу жылында "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша үш ауысымды оқытуға көшудің санын жою және алдын алу мақсатында Төнкеріс, Талдыбұлақ ауылдарында 600 орындық, Жаңалық ауылында 900 орындық орта мектептер тамыз айында пайдалануға берілді.

2026 жылдың ақпан айында 3600 орындық 4 мектеп пайдалануға беріледі (Жалғамыс а. 600 орын,  Қызылту а. 900 орын, Тұздыбастау а. 1 500 орын, Айғаным а. 600 орын).

 

Күрделі жөндеу жұмыстары

4 мектепте (№2, №10, №12, №24) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

- Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепке сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстарының  жалпы көлемі 95%. 

- Нұра ауылындағы №12 орта мектепте  атқарылған жұмыстардың көлемі  92 %.

- Қызылту ауылындағы №24 орта мектеп ғимаратына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша,  құрылыс жұмыстары 88%-ға аяқталды.

- Талғар қаласындағы №2 орта мектепке  күрделі жөндеу жұмыстары 61 %-ға аяқталды.

 

   Оқушыларды тасымалдау

Мектебі жоқ 23 елді мекен, 7 саяжай кооперативі, 27 ықшам аудан, жаңа құрылыстардан 7369 оқушы тасымалданып оқытылуда. Оқушылар тасымалдауын ұйымдастыруға 46 автобус берілген. Мектеп теңгерімінде – 13, автопарк теңгерімінде-10, жеке кәсіпкрлер теңгерімінде – 23 автобус.

Оқушыларды тамақтандыру

   35 асхана, 10 буфет жұмыс істейді. 1-4 сыныптарда 23197 оқушы, 5-11 сыныптардағы әлеуметтік осал санаттағы  5375 оқушы, барлығы 28572 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

 

Жалпыға міндетті білім беру

Жалпыға міндетті білім беру қорынан 379,6 млн. теңге бөлініп, 8212 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыларындағы 846 балаға 6,2 млн теңгегеге материалдық көмек көрсетілді.

 

          Бала - бақша

Ауданда барлығы 188 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді 6 (1140 бала) мемлекеттік балабақша, 182 (15755 бала) жекеменшік балабақша.

2025 жылы 100 орынға арналған 3 жекеменшік балабақша ашылды.

Мектепке дейінгі 2 мен  6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 96,7 %, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,3% құрайды.

 

Денсаулық сақтау саласы

Аудан тұрғындарына 1 - аудандық  орталық аурухана, 7- алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, 13 - дәрігерлік амбулатория, 7 - фельдшерлік-акушерлік пункті, 7 -  медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

2025 жылы Нұра АМСКО мен Белбұлақ дәрігерлік амбулаториясына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Талғар қаласындағы әйелдер консультациясының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді, босанғаннан кейінгі реанимацияның ауданы қосымша ұлғайтылды, оперблок, реанимация, хирургия, терапия, травматология бөлімшелеріне ыстық су беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Тұздыбастау АМСКО ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (орындықтар орнатылды, демеушілердің көмегімен көгалдар егілді), сондай-ақ ішкі-әрлеу жұмыстары жүргізілді.

13240  адам  емделіп, 87721 төсек - күн  өткізген.

 

Халықты еңбекпен қамту

«Аумақтық жұмыс орындарын құру картасына» сәйкес  2025 жылы - 11 322 жұмыс орны  ашылды, жоспардың  орындалуы  119,1%, оның ішінде – 9 087  тұрақты, 2 235 - уақытша.

Қазақстан Республикасының  еңбек  нарығын дамытудың  2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде  жұмыспен қамтудың  белсенді  шараларына –- 2 194  адам тартылған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 111 азамат жолданды, жоспар-100,0%.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында – 32 адамға  грант иегері атанды.

- Busness.enbek.kz  порталында «Бастау бизнес» жобасы арқылы - 332 адам оқып сертификаттарын  алды, жылдық жоспар – 200 немесе 166,0% орындалды.

-Жастар тәжірбиесін ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар – 151 жас  маманға қолдау көрсету болса, нақты орындалғаны 151 адам, немесе  100,0 %.

-Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар - 75 адам,  нақты орындалғаны  - 75 адам немесе 100,0 %.

-Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар  - 1354 адам,  нақты орындалғаны -1447 адам немесе  107,0 %.

-«Алғашқы жұмыс орны»  жобасын ұйымдастыру бойынша  жылдық жоспар - 95 адам, нақты орындалғаны  - 99 адам немесе 104,2 %.  

-«Ұрпақтар келісімшарты» жобасын  ұйымдастыру бойынша - 5 адамды жолдау жоспарланған, нақты орындалғаны  - 5 адам немесе   100,0 %.  

-Зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру бойынша жылдық  жоспар  - 200  адам, нақты орындалғаны – 243  адам немесе 121,0 %.

- Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындары бойынша       10 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 10  азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

-Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бойынша 16 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 30 азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгінді, оның ішінде 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 8 азамат квотадан тыс жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 703 отбасына, 2740 алушыға 392,9 млн.теңге  төленген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мектеп жасына дейінгі 429  балаға    52,2 млн. тенге төленді.

 Сонымен қатар келесі әлеуметтік көмек төленді:

- мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  үйде оқытуға әлеуметтік қолдау ретінде 198 балаға 12,7 млн.теңге;

- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету (АИТВ-6 адам, туб.науқастарға-133 адам, 11- өрт болған отбасына, пробация-8 адам) 158 адамға 36,1 млн. теңге;

-біржолғы материалдық көмек (Кеңес  әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне (15 ақпан) және Жеңіс күніне (9 Мамыр) тыл еңбеккерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге және т.б.)  781 адамға 97,0 млн.теңге;

-ауылдық жерде тұратын әлеуметтік саланың қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 3447 адамға 67,8 млн тенге.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 384 мүгедекке  жеке көмекші, ыммен сөйлесетін  13 маман 106 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей құралдармен қамтамасыз етілді;

 - кресло – арбамен қамтамасыз ету – 158 дана;

- протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету – 793 дана;

- компенсаторлық құралдар – 2212 дана;

- шипажайға 1138 адам  қамтамасыз етілді;

«Инватакси» қызметі 122 мүгедекке 14197 тапсырыс бойынша қызмет көрсетілді.

 

    Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру

Ауданда   247  спорттық нысан  халыққа қызмет көрсетуде (3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық  хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері).

Талғар ауданы халқының 35,5%  астамы  денешынықтыру және спортпен айналысуда.

Жоспарға  сәйкес  656 іс-шаралар өткен, 39 мыңнан аса адам қатысты.

 

Мәдениет

Аудан тұрғындарына  18 мәдениет ошақтары  қызмет көрсетеді (аудандық мәдениет үйі, саңыраулар клубы, Тұздыбастау, Нұра, Қызыл-Қайрат, Бесағаш ауылдық мәдениет үйлері, аудандық кітапхана,  балалар кітапханасы, Нұра, Панфилов, Қызыл –Қайрат, Белбұлақ, Кеңдала, Гүлдала, Төңкеріс, Тұздыбастау  ауылдық кітапханалары, Жаңалықта саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған музей, архив).

Мәдениет үйлерінде 974 іс - шара  ұйымдастырылды, қатысушылар саны – 236,8 мың  адам.

Жоспарға сай тілдік жағдайды зерделеу мақсатында ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің және қала, ауылдық округ әкімшіліктердің кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып отырады. 2025 жыл бойынша аудандағы мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 99,7 пайыз.

 

«Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен әлеуметтік саланың 45 маманы  17,7  млн.  теңгеге    бір  жолғы    көтерме  жәрдемақыларын,  18 адам 141,5 млн. теңгеге тұрғын үй  несиелерін алған.

 

        

 

                                                                            Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі    

Дата публикации
11 февраля 2026