Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшпелі ақпараттық-түсіндіру мобильді тобы іске қосылды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшпелі ақпараттық-түсіндіру мобильді тобы іске қосылды

 

 «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен а.ж. 19-26 қыркүйек аралығында Қонаев қаласы мен Алматы облысының аудандарында «Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жоба» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшпелі ақпараттық-түсіндіру мобильді тобы іске қосылды.

Іс-шараны өткізудегі мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтарға төзімділікті төмендету. Қонаев қаласынан бастау алған іс-шара облыстық 9 ауданында тақырыптық ресімделген шағын автобуста консультациялық және әртүрлі форматтағы іс-шаралармен жалғасты. Мобильді үгіт-насихат  топтың құрамында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері, заңгерлер, адвокаттар және БАҚ өкілдері бар. Іс-шараға келген тұрғындар мобильді топ мүшелеріне әлеуметтік, денсаулық, білім, құрылыс, тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, кәсіпкерлік, жол, экология мәселелері жөнінде түйіні шешілмей тұрған сауалдарын қойып, жалпыға ортақ проблемалардың шешілуіне өз септігін тигізуде.  

Мобильді топтың жұмысы аяқталған соң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған облыстық форум өткізу жоспарланған.

Дата публикации
22 сентября 2023
Дата обновления
22 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Информация
30 марта 2024
О проране плотины Ворошиловского водохранилища
Информация
04 марта 2024
Важное сообщение из оперативного штаба Алматинской области!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)

Социальные медиа

FB

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации