Әлеуметтік павильондарды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызмет бойынша ашық конкурсты қайта жариялау

Әлеуметтік павильондарды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызмет бойынша ашық конкурсты қайта жариялау

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның жер учаскесінде 1 (бір) жыл мерзімге әлеуметтік павильон (стационарлық емес сауда нысаны) ұйымдастыруға келесі шарттар бойынша қайта конкурс өткізетінін хабарлайды:

1. Кәсіпкерлік субъектісі конкурс қорытындысы бойынша екі ай мерзімде «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен ұсынылған жоба бойынша стационарлық емес сауда объектісін – әлеуметтік павильонды дайындауды және орнатуды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;

2. Кәсіпкерлік субъектісі өз қаражаты есебінен жер учаскесін және павильонды күтіп ұстауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік павильонның сауда қызметін жүзеге асырады;

3. Кәсіпкерлік субъектісі жер учаскесін және павильонды пайдалануға байланысты барлық шығындарды өтейді, оның ішінде: жер салығы, коммуналдық қызметтер және т.б.;

4. Кәсіпкерлік субъектісінің экономикалық қызмет түрі – бөлшек сауданың болуы;

5. Кәсіпкерлік субъектісі «Қонаев» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлескен қызмет туралы келісім шартқа сәйкес ҚҚС қоса алғанда, сауда үстемеақысының 10 %-дан аспайтын белгіленген бағамен өткізеді;

6. Кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен өз тарапынан шарт жасайды және оларды өндіруші бағалары бойынша ҚҚС-пен 15%-дан аспайтын сауда үстемесін ескере отырып сатады;

7. Кәсіпкерлік субъектісіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қоспағанда, басқа да азық-түлік тауарларын еркін бөлшек сауда бағасымен саудалауға рұқсат етіледі;

8. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметі «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлескен қызмет туралы келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мұндағы келісім шарттың негізгі талабы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын павильонның сауда алаңының кемінде 60% орналастыру болып табылады.

9. Ашық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі - жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. Конкурсқа қатысуға өтінімдер: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 18 шағын аудан, Құрманғазы көшесі №31 ғимарат мекен-жайы бойынша қабылданады;

10. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 01 шілдедегі № 10 шешімімен бекітілген «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жобаларын қарау, іріктеу және бекіту қағидаларына сәйкес, ашық конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тізімі тапсырылады:

 

 

Жеке кәсіпкер/шаруа қожалығы үшін:

Құжаттың атауы

1

Өтініш берудің қысқаша мазмұнымен хат.

2

Белгіленген үлгі бойынша өтініш.

3

Өтiнiш берушiнiң жеке кәсiпкер/шаруа қожалығы ретiндегi құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар (жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама/куәлік/кәсiпорын бiрлескен кәсiпкерлiк нысанында құрылса, куәлiкке қосымша/кәсiпорынның құрамы туралы анықтама).

4

Жеке кәсіпкер/шаруа қожалығы басшысының жеке куәлігі, шаруа қожалығының бірнеше мүшесі болған жағдайда, барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері.

5

Соңғы 3 жылға салықтық декларация, форма: 920, 910, 220, 200, 100, 300

6

Қызмет көрсетуші банктен ай басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтарын көрсететін шоттардың, қарыздардың/мерзімі өткен берешектің, айналымның бар-жоғы туралы анықтамасы, К-2 бойынша берешектің бар-жоғы туралы (анықтама жобаны қарау күніне дейін 1 айдан ерте емес беріледі).

7

Соңғы есепті тоқсанда Өтініш берушінің өтініш берген күннің алдында салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмауы (болуы) туралы анықтама, немесе салық органдары берген салыстыру актісі.

8

Несиелік бюродан есеп (несие тарихы).

9

Қаржылық негіздемесі көрсетілген бизнес-жоспар.

10

Жобаның бизнес-жоспарына сәйкес сомада қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжат.

 

АҚ/ЖШС үшін:

Құжаттың атауы

1

Өтініш берудің қысқаша мазмұнымен хат.

2

Белгіленген үлгі бойынша өтініш.

3

Жарғы және жарғылық келісім шарт (2 және одан көп құрылтайшы болған жағдайда).

4

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

5

- Басшысының жеке куәлігі;

- Бейрезидентті салық төлеуші ​​ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер басқарушы шетел азаматы болса);

- Өтініш берушінің уәкілетті органының атқарушы органды құру туралы, АҚ Директорлар кеңесін сайлау/тағайындау және директорды тағайындау туралы шешімі/сенімхаты оның уәкілетті тұлғаға қол қоюға өкілеттігін растайтын өтініш берушінің атынан құжаттама.

6

Қарыз алушының соңғы тоқсандағы және соңғы үш есепті жылдағы қаржылық есеп беруінің (бухгалтерлік баланс, пайдалар мен залалдар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп) бірінші басшының, бас бухгалтер қолымен және мөрімен расталған балансы; бар болса, аудиттелген қаржылық есептілік.

7

Өтініш берушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығын растайтын анықтама (анықтама беру күні өтініш берген күнге дейін 1 айдан кешіктірілмей).

8

Несиелік бюродан есеп (несие тарихы).

9

Қаржылық негіздемесі көрсетілген бизнес-жоспар.

10

Жобаның бизнес-жоспарына сәйкес сомада қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжат.

11

Соңғы 3 жылға салықтық декларация, форма: 920, 910, 220, 200, 100, 300

12

Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарынан (банктерден, лизингтік компаниялардан, несиелік серіктестіктерден және несиелік ұйымдардан) несие берешегінің бар (жоқ) және шоттарының бар-жоғы туралы, айналымдар туралы есеп айырысу басындағы және аяғындағы ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген анықтамалар. өтініш бергенге дейінгі соңғы 12 айдағы банктік шот бойынша ай – түпнұсқа. Несие бойынша берешек болған жағдайда несиелік тарих құжаттарының көшірмелері (шарттар, кестелер) ұсынылады.

Өтініш берушілердің назарына:

1) Әлеуетті серіктестер белгіленген құжаттар тізбесі мен өтінімінің электронды сканерленген түрлі-түсті көшірмесі Қоғамның spk.qonaev@gmail.com электрондық поштпсына жіберіледі.

Қажет болған жағдайда Қоғам салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын сұратуға құқылы;

2) Толық көлемде берілмеген және талаптарға сәйкес келмейтін, жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар пакеті, оның ішінде ұқыпсыз орындалған (қолы қойылмаған, мөр қойылмаған және т.б.) қарауға қабылданбайды.

 

Байланыс тұлғасы – Турысбеков Жандос, +7 777 156 15 39.

Жобаны іске асыруға өтініш

«Қонаев» ӘКК» АҚ әлеуметтік павильондарын орнату үшін Алматы облысының Қонаев қаласында АМӨЗ сату бойынша жоспарланып отырған жер учаскелерінің тізімі