2023 жылғы 29 қазандаөткен Іле аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазандаөткен Іле аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2023 жылғы 29 қазанда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Іле аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 6426 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4014 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс–10 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Іле аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Иманалиев Дәурен Жумазыұлы үшін сайлаушылардың 2828 дауысы берілді,

Қырықбаева Айғаным Ғабиденқызы үшін сайлаушылардың 465 дауысы берілді;

Шағылбаев Едик Баймушұлы үшін сайлаушылардың 492 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны –229.

Сайлау қорытындысымен № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ілеаудандықмәслихаттың депутаты болып-Дәурен Жумазыұлы Иманалиевсайланды, 1981жылы туған, Іле ауданының ШЖҚ «Боралдай кенті аудандық ауруханасының» МКК директоры.

Дата публикации
30 октября 2023