
Алматы облысының аумағында 278 кітапхана, 26 музей және 2 галерея халыққа қызмет көрсетеді.
Кітапханалар желісі: облыстық -1, аудандық, қалалық орталық кітапханалар - 20, ауылдық – 236, балалар кітапханалары -14, қалалық кітапхана филиалдары – 6,зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалы -1,
Облыс кітапханаларының стратегиялық басымдықтары:
* қорларды жинақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
* сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, оқырмандардың сұранысын тұрақты зерттеу;
* республикалық және халықаралық ақпараттық-кітапханалық жобаларға қатысу.
Кітап қорында 5,3 млн. астам сақтау бірлігі бар. Жыл сайын оқырмандар саны 3,6 мыңнан астам, кітап берілімі – 7 млн.
Кітапхананың www.Library.zhetisu.gov.kzсайты– кітапхананың электрондық ресурстарына шығудың бірыңғай ақпараттық нүктесін ұйымдастыру болып табылады.Жыл сайын веб-сайтты 20 мыңнан астам адам виртуалды құрайды.Сонымен қатар, барлығы 51 коворкинг орталықтары мен 223 клуб жұмыс істейді. Онда әдеби кештер, ойындар және басқа да іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ, сәндік қолданбалы өнер түріне үйретеді.
Алматы облысында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі және оның филиалдары, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы жұмыс істейді.
Музейлердің негізгі қызметі – ҚР тиесілі мәдени құндылықтарды, материалдық және тарихи, көркем, ғылыми және өзге де мәдени маңызы бар заттарды, қазақ қолөнер өнері бұйымдарын, әртүрлі елдердің қолданбалы шығармаларын анықтау, зерделеу, сақтау және насихаттау болып табылады.
Жалпы музей қоры 63 млн. астам экспонатты, жыл сайын музейге келушілер саны 130 мыңнан астам адамды құрайды, сондай-ақ 600-ден астам дәріс, 546 көрме, 818 мәдени іс-шаралар өткізіледі.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Туған өлке» музейаралық жылжымалы көрме ұйымдастыру жобасы, облыс орталығы Талдықорған қаласынан облыс аумағындағы тарихи-табиғи орындар мен аудан орталықтарындағы музейлерге экскурсия-саяхат ұйымдастыру мақсатында «Жетісу жауһарлары» жобасы, сонымен бірге «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша «Менің өлкемнің аңыздары» атты жас өлкетанушылар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.
Жастар мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жүйелі қолдау көрсету мақсатында кәсіпорын және оған қарасты филиалдарды қоса есептегенде музей жанынан ашылған 7 үйірме жұмыс жасайды, олардың 5-уі «Жас экскурсия жүрізуші», 1-уі «Жас суретші», 2-уі – «Бала жорға» және «Ақиық» атты жас ақындар үйірмесі. Үйірме айына 1 реттен өткізіліп тұрады. Қатысатын оқушылар саны 116.
Елбасы Н.Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты халқына Жолдауында көрсетілген «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында облыс аумағындағы музейлердің виртуалды туры, 2018 жылы Жамбыл ауданындағы Ж.Жабаев әдеби-мемориалды музейінің құнды экспонаттары 3Д форматқа көшірілді (http://zhetysu360.kz/wp-content/3dtour/zhambylzhabaev_museum/zhambul_ zhambul_tour.html )