Алматының барлық жоғары оқу орындарында «Жарқын күз» күзгі экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктер белсенді өтуде. Бұл іс-шара қаланың тазалығы мен абаттандырылуын қолдауға, сондай-ақ жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың бір бөлігі болды.
Студенттер, оқытушылар және жоғары оқу орындарының әкімшілік құрамы ортақ іс үшін – өз кампустары мен іргелес аймақтарының аумақтарын тазарту үшін біріктірілді. Олардың айтуынша, экоакцияның әрбір қатысушысы қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді, өйткені мегаполистегі өмір сапасы қалалық көшелер мен саябақтардың тазалығына байланысты.
Алматы жастары қала мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, тазалық пен тәртіпті тек Қалалық қызметтер ғана емес, әрбір тұрғын да қамтамасыз ететінін түсінеді.
«Бұл іс-шара бізге аумақты абаттандыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, студенттерді бірлесіп жұмыс істеуге біріктірді. Біз кампус аумағын қоқыстардан тазарттық, ағаштар отырғыздық және гүлзарларды безендірдік. Мұның бәрі экологиялық жағдайды жақсартуға және оқуға ыңғайлы жағдай жасауға көмектеседі деп сенемін. Мұндай акцияларға қатысу біздің қаламызға деген жауапкершілік пен қамқорлық сезімін дамытады», - деп атап өтті ҚАЗҰАЗУ студенті Амангазы Нұрасыл.
Акцияға қатысушылар тазалаудан басқа, экологияның, қалдықтарды қайта өңдеудің және табиғи ресурстарды сақтаудың маңызды тақырыптарын талқылайды. Мұндай іс-шаралар жастардың пікір алмасуы мен экологиялық дүниетанымын қалыптастыру үшін тамаша алаңға айналады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ағымдағы жылдың 18-24 қазан аралығында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүзеге асырылып жатқан «Жарқын күз» акциясы өткізілуде.
#TazaKazakhstan#AlmatyNashDom#ZharkynKuz
Алматы волонтерлері қаланың әлеуметтік мекемелерінің аумақтарын тазалауға көмектесіп, «Жарқын күз» экологиялық акциясына белсенді қатысады. Осылайша, аталған іс-шаралармен қарттар үйлері, балалар үйлері, үйсіздерге арналған баспаналар және басқа да әлеуметтік мекемелер қамтылды.
Ұйымдастырушы қаланың жастар саясаты басқармасының қолдауымен Алматы волонтерлерінің фронт-офисі болды.
Жастар қаланың тазалығын сақтау әркімнің ортақ міндеті екенін түсінеді. Бірге жұмыс істей отырып, олар қаланы таза етіп қана қоймай, алматылықтарға қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіреді. Олардың айтуынша, бұл бастама тазалау туралы ғана емес, қолдау маңызды адамдарға назар аудару туралы. Қарттар үйлері мен балалар үйлерінің жанындағы аумақтарды тазарту – бұл тазалықты арттырып қана қоймай, онда тұратын адамдардың көңіл-күйіне оң әсер ететін күтім түрі.
«Мен ерікті ретінде қаланың әлеуметтік мекемелерінің аумақтарын тазалауға қатыстым. Біз қоқыстарды алып тастадық, қоршауларды боядық, жасыл аймақтарды ретке келтірдік және осы мекемелердің тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Менің ойымша, мұндай акциялар қоғаммен байланысты нығайтуға және біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетуге көмектеседі», - деп атап өтті ерікті Құдайберген Шәмші.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүзеге асырылып жатқан «Жарқын күз» акциясы жалғасуда. Бұл экоакция ағымдағы жылдың 24 қазанына дейін жалғасады.
#TazaKazakhstan#AlmatyNashDom#ZharkynKuz
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Алматы қаласын цифрландыру басқармалары арасында келісімге қол қойылды. Келісім аясында коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Target AYA бағдарламасы бойынша видеомониторинг жүйесіне қолжеткізді. Бұл жаңалық қаладағы санитарлық нормалардың бұзылуын тұрақты негізде анықтауға және оларды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 18-24 қазан аралығында «Жарқын күз» қалалық науқаны кезінде видеомониторинг нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабында белгіленген абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 17 кәсіпкерлік объектіде бұзушылықтар анықталды. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлері нысандарға жедел барып, бұзушыларға ауызша ескерту жасады.
Бұл іргелес аумақтардың жай-күйі үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған абаттандырудың жаңа ережелерін енгізудің арқасында мүмкін болды.
Абаттандыру қағидаларының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік объектілерін паспорттау болып табылады. Бұл процестің мақсаты-әрбір кәсіпкер үшін іргелес аумақтарды абаттандыру жауапкершілігінің шекарасын анықтау. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректері бойынша қалада 5 590 кәсіпкерлік нысаны паспортталуға жатады. Қазіргі уақытта мыңнан астам кәсіпкер паспорттарға қол қойды.
Паспорттау бойынша барлық жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер іргелес аумақтарды ретке келтірумен қатар, ғимараттардың қасбеттерін күту, тазалықты сақтау және коммуналдық қалдықтарды уақтылы шығару жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.
Видеомониторинг жүйесі және жаңа абаттандыру ережелері өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Ережені бұзған кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
2024 жылдың 25 қазанында Республика күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Шекара бақылау басқармасымен бірлесіп «Қонақтарға тәтті сый» акциясын ұйымдастырады. Паспорттық бақылаудан өту кезінде қала қонақтарына қазақстандық шоколад ұсынылады.
Мерекелік акция 45-тен астам рейс пен 5 мыңға жуық жолаушыны қамтиды. Сонымен қатар, әуежай аумағында ұлттық мереке туралы ақпараттық баннер орнатылады, мұнда Алматы қонақтары батырлармен, ұлттық киімдегі арулармен суретке түсе алады.
Бұл акция Алматының елдегі ең ірі туристік орталықтардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Іс-шара туристерді тартуға, жағымды әсер қалдыруға және халықаралық қонақтарға өз тарихымыз бен рухани құндылықтарымызға деген құрметті көрсетуге бағытталған.
Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» күзгі науқаны аясында Жетісу ауданында сенбілік және аудан зейнеткерлері арасында спартакиада өтті. Спорттық жарыстар ушу, айкуне, скандинавиялық серуендеу, ерлер арасындағы жерден көтерілу, асық ойыны, доп лақтыру және дартс сияқты спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты.
«Өз ағашыңды отырғыз» акциясы аясында Жангелдин атындағы скверде жапырақты ағаштың 150 көшеті отырғызылды.
Сондай-ақ, Көкжиек саябағында да тазалық жұмыстары жүргізіліп, онда 500 түрлі ағаш, оның ішінде шаған, қайың, сәнағаша және қараған көшеттері отырғызылды.
Аудан белсенділерімен бірлесе отырып, саябақтан 350 текше метрден астам қоқыс шығарылып, 40 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Жетісу ауданы тұрғындарынан бөлек, экологиялық науқанға халықаралық ұйым – Кореяның бейбіт және демократиялық бірігуі жөніндегі Консультативтік кеңес, Алматы корей ұлттық орталығы және Алматы корей жастары қозғалысы қосылды. Сенбілік барысында осы ұйымдардың белсенділері Көкжиек саябағына 50 ағаш отырғызды.
«Экологиялық акцияға қатысушылардың барлығына зор алғыс білдіремін. Қазір осындай шараларды өткізу өте маңызды, олардың арқасында біз бірлесіп күш салып, қоғамға пайдамызды тигізе аламыз!», – деді Консультативтік кеңестің Қазақстандағы филиалының төрағасы Кан Ухан.
Науқанды қолдаған қатысушылар қаламыздың тазалығын және сұлулығын сақтауға әркімнің қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Сенбілік – бұл ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосудың тамаша мүмкіндігі. Осы күндері тұрғындар ауласын ретке келтіріп, оларды жайлы әрі әдемі етуге тырысады», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шакирова.
Еске сала кетейік, Алматыда 18-24 қазан аралығында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу, аулада, қоғамдық орында және жол бойында түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинау жұмыстары қарқын алған.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында қалада күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жалғасуда. Жұмыс маусымының аяқталуына байланысты Алматыда қалалық субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды. Субұрқақтарды консервациялау үдерісі оларды өшіруді, жүйелерден суды ағызуды, жабдықтарды бөлшектеуді және оларды арнайы қоймаларға жеткізуді қамтиды. Сақтау орындарында субұрқақтардың конструкциялары тексеріліп, келесі маусымда үздіксіз жұмыс істеуі үшін профилактикалық жөндеуден өтеді.
«Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету ережелеріне» сәйкес, субұрқақтардың жұмыс маусымы 1 мамырдан 1 қазанға дейін жалғасады. Алматының коммуналдық меншігінде барлығы 65 субұрқақ бар, олардың әрқайсысы қысқы кезеңге мұқият дайындықтан өтеді: мамандар жабдықты диагностикадан өткізеді, сүзгілер мен құбырларды тазартады, тозған бөлшектерді жөндеп, ауыстырады.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» күзгі кампаниясы аясында қала аумағын тазарту, өзен арналарын тазалау және қалалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Іс-шаралар азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, қалалық инфрақұрылымды қысқы жағдайға дайындауға және қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматыда «Жарқын күз» науқаны аясында «Таза ауа» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты-автомобильдерден шығатын газдардыңқангшалық зиян екенін және түтінінің деңгейін бақылау, бұл әсіресе ауаның ластануының едәуір бөлігі көлік шығарындыларына қатысты болатын мегаполисте маңызды.
Ай басталғалы бері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге жылжымалы экологиялық бекеттерде 628 көлік тексерілді. Мониторинг нәтижелері бойынша 263 автомобильде зиянды шығарындылар мен түтіннің белгіленген нормативтерінің асып кетуі анықталды, бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының 42% -ын құрайды.
Тексеру нәтижесінде 202 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 123 бұзушыға айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан едәуір асып кеткен тоғыз автомобильдің иелері көліктерінің мемлекеттік нөмірлерді уақытша алынып тасталды.
Айта кетерлігі, 18 қазаннан бастап мегаполисте қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде және жол инфрақұрылымының бойында ағаштарды санитарлық кесу, құлаған жапырақтар мен қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ақсай және Қарғалы өзендерінің арналарын тазарту аяқталды, бұл өз кезегінде күзгі-көктемгі кезеңде су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.
6000 м2 өзен арналары тазартылды. Осы тапсырмаларды орындау үшін экскаваторлар мен самосвалдарды қоса алғанда 6 арнайы техника жұмылдырылды.
Тазалау барысында 150 м3 қоқыс шығарылды – бұл пластикалық қалдықтар, құрылыс материалдары және т.б. Өткізілетін іс-шаралар су ағынын едәуір жақсартуға және алдағы айларда су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өзен арналарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілі аясында жалғасатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» бастамасын іске асыру жалғасуда.
Республика сарайында еліміздің басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері және бүгін мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтар қатысты.
Концерттің ресми бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сахнаға алып шығып, елдің еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаевтың Мемлекеттік әнұранды орындауымен басталды.
Бағдарламада SteppeSons тобы, Карина Абдуллина, ARO және Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Доғалова, ALPHA тобы және басқа да танымал артистер патриоттық әндер орындады. Белгілі домбырашы-күйші Асылбек Еңсеповтың «Махаббат өзені» шығармасы бұл жолы екі скрипка дуэтінің сүйемелдеуімен орындалды.
Сонымен қатар, Байғали Серкебаев жас орындаушы Kyle Ruh-пен бірге жарық шоу аясында A’Studio тобының әндерінен попурри айтты. Жастардың кумирі Садраддин «Мелодрама» әнін шырқаса, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы «Алматы түні» және «Қайдасың?» атты танымал хиттерін орындады. Сондай-ақ, сахнада «Wake up» балетінің шығармашылық және би қойылымдары көрсетіліп, Отанға деген махаббатты бейнеледі.
Концерт Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен елдің еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиевтің хордың сүйемелдеуімен орындаған «Атамекен» әнімен аяқталып, концерттің барлық қатысушысы сахнаға шықты.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 93 тұрғынына мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Марапатқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар ұсынылды. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1-дәрежелі «Барыс» орденімен «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы суретші Алексей Уткинге, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияның солисі Гүлнар Құрамбаеваға және тағы басқаларға берілді.
Алматы әкімі «Парасат» орденін Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжоловаға, «Дос-Мұқасан» ВИА тобының қатысушысы Ұлықпан Сыдықовқа және т. б. табыс етті; «Құрмет» орденімен Халықаралық білім беру корпорациясының профессоры Таңатқан Абақанов, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, еңбек ардагерлері Қуаныш Абдухалимов, Лиза Каримова, Жанат Шанина және тағы басқалар марапатталды
Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан Ерболат Досаев:
-3 - дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін – «Алматы тазалықтың» жол жұмысшысы Дина Дарибаеваға, «Алматыэлектротранс» троллейбус паркінің жүргізушісі Гүлбаршын Кукаеваға, Алматы жылу желілерінің слесарі Сергей Падалянге, № 405 авиажөндеу зауытының слесарі Алтымбек Жақсыбаев және т. б;
- «Ерен еңбегі үшін» медалін – Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей мұғалімі Ақылкүл Әбдікайымоваға, «Алматы тазалықтың» жол жұмысшысы Мәди Бекмұханбетовке, домбырашы Айбек Бримгазинге, Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшесінің командирі Ғалым Нұрдәулетовке, «City-bus» ЖШС слесарі Аслан Туғанбаевқа және т. б.;
- «Шапағат» медалін - Түрксіб ауданы көпбалалы отбасылар одағының төрайымы Бибирабе Айымбетоваға , Бостандық ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектологы Айгүл Кенжееваға, «Кедергісіз KZ» мүгедек адамдар қоғамының төрайымы Меруерт Құлахметоваға, қалалық Адам репродукциясы орталығының акушер-гинеколог дәрігері Чапен Сармулдаеваға, «ҚазСтрой Монолит» ЖШС бас директоры Керемет Ахановқа және тағы басқаларға табыс етті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және басқалар қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі қала әкімдігінің ғимаратында өтті.
Алматыда атақты спортшылар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы мен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады.
Науқанды қолдағандар қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Нариман Құрбанов, Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев, Александра Ле, Ислам Сәтбаев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және басқа да спортшылар бар. Олар әріптестерін және қала тұрғындарын аула мен қала аумақтарын тазалауға атсалысуға шақырған бейнежазба түсірді.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз, сондықтан қаланың таза әрі көрікті болуы үшін әркім өзінен бастауы керек! Мен бұл челленджді қабылдап, бүгін ауламды қоқыстан тазалап жатырмын», – деді Нариман Құрбанов.
Сонымен қатар, экологиялық науқанға Алматының әйелдер және ерлер баскетбол командаларының ойыншылары, ММА спортшылары да қосылды.
«Мен барлық алматылықты қалыс қалмай, экологиялық акцияға қатысуға және қаланың көркеюіне үлесін қосуға шақырамын!» – деп үндеу тастады бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Алуа Балқыбекова.
Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де «Жарқын күз» науқанына белсенді түрде қатысып, қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, аулаларды қоқыстан тазартып жатыр.