Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима города Алматы Сатыбалды Дархана Амангельдиевича

Қайырлы күн, құрметті депутаттар!

 Бүгін Сіздердің қарауларыңызға орта мерзімді даму құжаттары – Алматы қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары мен Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін ұсынамын.

Болашақ   жоспарларды   ұсынбас   бұрын өткен бес жылдағы Алматы қаласының негізгі даму көрсеткіштерін атап өту қажет.

Соңғы 5 жыл ішінде Алматы қаласының халқы 18%-ға өсіп, 2,3 млн адамға жетті, экономиканың орташа жылдық өсімі 6,8% құрады, нақты жалақы орта есеппен жыл сайын 5,4%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың 3-ші тоқсанында 5,2%-дан 4,4%-ға дейін төмендеді.

Бұл мәліметтер атқарылған жүйелі жұмысты, негізгі бағыттар бойынша өсімді көрсетеді және одан әрі стратегиялық дамудың негізін қалыптастырады.

Соңғы жылдардың оң нәтижелері Мемлекет басшысының Алматы қаласының дамуына көрсетіп отырған жүйелі қолдауы мен ерекше назарының арқасында мүмкін болды.

Алдағы бес жылға арналған қаланы дамыту жоспары мегаполистің ұзақ мерзімді стратегиялық даму басымдықтарына және Алматы қаласының кешенді дамуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделді.

Келесі бес жыл ішінде Алматы қаласының жалпы өңірлік өнім көлемін – 70 трлн теңгеге дейін екі есе ұлғайту мақсаты қойылды.

Бұл ретте, экономиканың нақты өсу қарқыны жыл сайын кемінде 6%-ды құрауы қажет.

Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін тұрақты өсімнің негізі ретінде экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту бағыты одан әрі жалғасын табады.

Сонымен қатар, жоғары әлеуетке ие және Алматының дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналуы мүмкін туризмді, IT-секторды, креативті индустрияларды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Шағын және орта бизнесті қолдау негізгі басымдық ретінде сақталады.

5 жыл ішінде қаланың жалпы өңірлік өніміндегі шағын  және  орта  бизнестің  үлесі  қазіргі 60%-дан 65%-ға дейін өседі деп күтілуде.

Бұл үшін кәсіпкерлік белсенділікті нығайтуға және компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының кешені кеңейтіледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудағы нақты қадамдардың бірі – жаңа жеңілдетілген режим бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 4%-дан 3%-ға дейін төмендету туралы қабылданған шешім болды.

Осылайша, біз шамамен 160 мың кәсіпкер мен олардың отбасы мүшелеріне қолдау көрсеттік.

Заманауи көлік жүйесін дамыту қала дамуының маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Тұрғындарға қолайлы, жылдам және қауіпсіз қатынауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жақын болашақтағы жоспарлар – метроны одан әрі дамыту, BRT және LRT бағыттарын іске қосу, сондай- ақ қоғамдық көліктің жаңа түрлерін енгізу.

Аталған жобаларды іске асыру 2030 жылға қарай қоғамдық көліктегі тәуліктік жолаушылар санын 1,7 миллионнан 3 миллион сапарға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала дамуының тағы бір маңызды басымдықтарының бірі – жайлы қалалық ортаны қалыптастыру.

Қаланың аумақтық дамуындағы алшақтықты азайту мақсатында әрқайсысы дербес тартымдылық орталығы ретінде қалыптасып, тұрғындарды қажетті әрі сапалы  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ететін бес қалалық полицентр құру жұмыстары басталды.

Осы жобаларды іске асыру кеңістікте дамуды теңестіруге, тарихи орталыққа түсетін жүктемені азайтуға және барлық ауданда қалалық ортаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экологиялық күн тәртібі аясында атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, жасыл аймақтарды кеңейту және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуді арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.

2026 жылдың соңына дейін №2 жылу электр орталығы табиғи газға көшіріледі.

Келесі кезеңде №3 жылу электр орталығын бу-газ

 

технологиясына

көшіру

арқылы      қайта

жаңғырту

жүргізіледі.

 

 

 

Бұл    жалпы

алғанда

жылу    көздерінен

шығатын

шығарындыларды 92%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке сектордың газдандыру деңгейі қазірдің өзінде 99,6% жетті. 2027 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді 100% жеткізу жоспарлануда.

 

***

Уважаемые депутаты!

На фоне роста экономики города поступления в местный бюджет демонстрируют устойчивую положительную динамику.

Сегодня бюджет Алматы практически формируется

за счет собственных доходов.

Город сохраняет статус одного из основных доноров республиканского бюджета, обеспечивая более пятой части всех поступлений.

 

 На      2026      год      доходы     местного     бюджета

запланированы в объеме 2,5 трлн тенге.

Объем бюджетных изъятий для города увеличен в два раза: с 250 млрд тенге в 2025 году до 491 млрд тенге в 2026 году.

В целом, за 3 года в республиканский бюджет будет перечислено порядка 1,8 трлн тенге – в 2,6 раза больше по сравнению с предыдущим трехлетним периодом.

Несмотря на возросшую финансовую нагрузку, мы приступим к реализации масштабных инвестиционных проектов за счет средств местного бюджета.

Расходы местного бюджета на 2026 год предусмотрены в объеме 2,8 трлн тенге, из которых 850 млрд тенге, или 30%, направляются на стимулирование экономического роста.

Необходимо  отметить,  что  проведена  работа по оптимизации текущих расходов, что позволило переориентировать средства на бюджет развития.

На развитие транспортной системы в 2026 году будут направлены значительные средства.

 

Они предусмотрены на начало работ по запуску линий BRT и LRT, а также на введения других видов общественного транспорта.

По поручению Главы государства продолжатся работы по строительству стадиона международного уровня на 45 тыс. зрителей, завершение которого запланировано на 2027 год.

Также проводится модернизация катка «Медеу» с полной заменой инженерных коммуникаций.

В ходе реализации Комплексного плана развития Алматинского горного кластера на 2025-2029 годы будут осуществлены проекты по строительству туристической, транспортной и инженерной инфраструктуры .

Бюджеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі –

әлеуметтік тұрақтылық.

Қала бюджетінің шамамен 33% әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған.

Мектептер, ауруханалар және әлеуметтік объектілердің қарқынды құрылысын жалғастыру жоспарлануда.

 

Бюджет жобасын тұрақты комиссияларда қарау кезінде Сіздер бұл жағдайға куә болған шығарсыздар деп ойлаймын.

Қаланың барлық әлеуметтік және басқа да бюджеттік міндеттесі толық орындалатын болады.

 

***

Құрметті депутаттар,

күн тәртібіндегі мәселелерді қолдауларыңызды сұраймын. Толығырақ ақпаратты Экономика және қаржы басқармасының басшысы – Құдайбергенов Бауыржан Әлібекұлы ұсынады.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
10 декабря 2025
Дата обновления
10 декабря 2025
Тип
Доклад

Сейчас читают

Доклад
10 декабря 2025
Выступление акима города Алматы Сатыбалды Дархана Амангельдиевича
Доклад
10 декабря 2025
Выступление руководителя Управления экономики и финансов г. Алматы Бауыржана Кудайбергенова об утверждении Плана развития города Алматы на 2026-2030 годы
Доклад
10 декабря 2025
Доклад заместителя руководителя Управления общественного здравоохранения г. Алматы Лайлы Имангалиевой

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК