2025 жылға арналған тыңайтқыштарды субсидиялау нормаларын бекіту туралы
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген) тиісті өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде көзделген.
Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап келісімін алды.
Министрлік мақұлдағаннан кейін тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын бекітіледі.
Осыған байланысты, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы қаулы жобасын әзірледі және сізге қол қоюға Алматы қаласы әкімінің «2025 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысының жобасын енгіземіз.
Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын ауылшаруашылық тауар өндірушілерге немесе ауылшаруашылық кооперативтеріне басым көкөніс дақылдары бойынша өндірілген өнім немесе өңдеу кәсіпорнына өңдеуге тапсырылған өнім үшін, кеткен шығындарды ішінара өтеуге бөлінеді.