Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Алматыда қоғамдық көліктегі жол ақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр

Қазіргі кезде Алматы қаласында қоғамдық көлікте жүру құны  80 теңгені құрайды. Бұл тариф 2012 жылы бекітіліп, содан бері өзгертілген жоқ. 2015 жылы қолма-қол төлем үшін 150 теңгелік тариф бекітілді. Соңғы 10 жыл ішінде жолаушылар ағымы шамамен екі есеге өскенін ескерген жөн (2012 жылы 203,3 млн, ал 2022 жылы 375,5 млн жолаушы тасымалданған)

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктегі жол ақысын көтеру туралы қаулы жобасы әзірленді. Құжат www.legalacts.egov.kz нормативті құқықтық актілер порталында  5-21 шілде аралығында жарияланады.

Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативті құқықтық актілердің барлық талаптарына сай келеді. 

Қызығушылық танытқан азаматтар келесі сәлтемелер бойынша өтіп, талқылауға қатыса алады: 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14626464  

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14626470 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14626482 

Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы
Дата публикации
05 июля 2023