Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1249 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1249 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 34.6-34.03/2698-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тұру-бұрылу алаңын салу үшін, Алматы қаласы Наурызбай ауданы, Абай даңғылының солтүстігінде, Медеубеков көшесінің шығысында орналасқан 15 (он бес) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 605 кеңсе белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан  кейін жер  учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 6 қазандағы

№ 4/675-1249  қаулысына қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.

Байбекова Рысбуви Баккажаевна

20-322-010-188

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 72

0,0880

2.

Умаров Даурен Бахтиярович, Умарова Лаззат Насритдинкызы

20-322-010-794

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 13

0,0776

3.

Укибаев Марат Амангельдинович

20-322-010-162

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 54 учаскесі

0,1030

4.

Стамкулов Тимур Амангельдиевич

20-322-010-457

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 53

0,0850

5.

Синявский Денис Дмитриевич

20-322-010-1204

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 52

0,1035

6.

Демьяненко Константин Сергеевич

20-322-010-101

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 14

0,0474

7.

Жетикеева Гульжан Абдуллаевна

20-322-010-388

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 133

0,0474

8.

Жанашев Исабек

20-322-010-232

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 15

0,1079

9.

Жоламанов Ердаулет Тохтамысович

20-322-010-417

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі 127

0,0635

10.

Жоламанов Ердаулет Тохтамысович

20-322-010-561

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 51

0,0678

11.

Чистяков Максим Владимирович

20-322-010-002

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 16

0,0670

12.

Егорова Татьяна Юрьевна

20-322-010-907

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 145

0,1140

13.

Кожахметова Майра Жакыповна

20-322-010-194

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 12/1

0,0766

14.

Манасурова Гульшат Кудайбергеновна

20-322-010-310

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 17

0,0786

15.

Тапиева Тамара Ибадуллаевна

20-322-010-219

«Ракета» бағбандық серіктестігі» тұтыну кооперативі, 49

0,1100

 

_________________________________

 

Дата публикации
08 октября 2025