Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1247 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1247 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 34.1-34/1268-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мұқанов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін ұзарту үшін, Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан 7 (жеті) жер учаскеcін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 602 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 6 қазандағы

№ 4/675-1247 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с

Жер учаскесі
меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

 

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.     

Кузьмин Александр Дмитриевич

Есентай көшесі, 35а

20-311-041-042 (20-314-016-042)

жалпы-0,1120 доля-0,0230

 

2.     

Гулая Любовь Ивановна

2-ші Кастекская көшесі, 1

20-311-041-144 (20-314-016-144)

0,0622, иеліктен шығарылатын ауданы-0,0154

3.     

Иминова Турсунбуви Туглуковна

Моңғол көшесі, 3Б

20-311-041-150 (20-314-016-150)

жалпы-0,1127 үлесі-0,0487, иеліктен шығарылатын ауданы-0,0113

4.     

Джалилов Руслан Азатбекович

Моңғол көшесі, 36

20-311-041-150 (20-314-016-150)

жалпы-0,1127 үлесі-0,0640, иеліктен шығарылатын ауданы-0,0116

5.     

Шепотько Лариса Юрьевна

2-ші Кастекская көшесі, 1В

20-311-041-170 (20-314-016-170)

0,0343, иеліктен шығарылатын ауданы-0,0037

6.     

Абрамова Ирина Юрьевна

Есентай көшесі, 43

20-311-041-230

жалпы-0,1357 үлесі-0,0505

 

7.     

Кенгирбаева Айгуль Дюсембаевна

Есентай көшесі, 47а

20-311-041-265 (20-314-016-265)

 

0,0846 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0101

 

 

 

_________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 октября 2025