«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, кеңсе 314

Байланыс телефондары: 390-20-85, 390-20-88

Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2-қосымшасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар беру.

Грант сомасы: 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін.  

Конкурстың түрі: Ашық конкурс

Бюджет: 177 млн. теңге.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Ақпараттық жүйедегі «Электрондық Үкімет» веб порталы және оның «Qoldau.kz» веб платформасы арқылы электрондық нұсқада.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2021 жылғы «11» қазаннан бастап, 2021 жылғы «17» қазанды қоса алғанда. «Qolday» КҚО жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге (жергілікті уақытпен) дейін. Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.qoldau.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Құжаттарды электрондық нұсқада қабылдау онлайн қызметтерін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жолымен адами жайттардың әсерін барынша төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp

https://atameken.kz

https://damu.kz.

https://qolday.kz

Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:

  • «Qoldau» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, тел. +7 (727) 225-10-79;
  • Алматы қаласы бойынша  «Атамекен» ҰКП, мекенжайы Алматы қаласы, Жібек Жолы, 135, 8 қабат, 2 блок, тел. +7(727) 331-01-33, Call-centre 1432.

Кәсіпкерлердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы

электрондық тапсырысты беру тәртібі

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы);

4) екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

«Qoldau.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер конкурсқа қатысуға өтініш және оған қоса PDF нысанындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін береді:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

2) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

3) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы   13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);

4) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

5) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара  іс-қимылының нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

Өтініш, оған кәсіпкердің электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.