«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» ММ.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, кеңсе 314

Байланыс телефондары: 390-20-85, 390-20-88

Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті  қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар (жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.

Грант сомасы: 2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін.  

Конкурстың түрі: Ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Ақпараттық жүйедегі «Электрондық Үкімет» веб порталы және оның «Qoldau.kz» веб платформасы арқылы электрондық нұсқада.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2021 жылғы «11» мамырдан бастап, 2021 жылғы «24» мамырды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін. Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.qoldau.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Құжаттарды электрондық нұсқада қабылдау онлайн қызметтерін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жолымен адами жайттардың әсерін барынша төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттардың бірі Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқытудан өткенін растайтын Сертификат болып табылады. Сертификаттың қолданылу мерзімі 2 (екі) жылдан аспауы тиіс.

«Бизнес-бастау» Бағдарламасы бойынша оқыту ағымдағы жылғы сәуір айына жоспарланып отыр. Оқыту «Атамекен» ҰКП өткізіледі.

Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp,

https://atameken.kz,

https://damu.kz.

Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:

  • «Qolday» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, тел. +7 (727) 225-10-79;
  • Алматы қаласы бойынша  «Атамекен» ҰКП, мекенжайы Алматы қаласы, Жібек Жолы, 135, 8 қабат, 2 блок, тел. +7(727) 331-01-33, Call-centre 1432.

Кәсіпкерлердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы

электрондық тапсырысты беру тәртібі

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін – ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы);

4) екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

«Qoldau.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер конкурсқа қатысуға өтініш және оған қоса PDF нысанындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін береді:

1) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатының көшірмесі;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

3) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күн ішінде кешіктірілмей берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарызының жоғы туралы анықтама;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

5) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) расталған өтініш беру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

6) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, құжат;

7) берілетін мемлекеттік грант көлемінен кемінде 10% мөлшерінде бизнес- жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды бірлесіп қаржыландыруының (ақша қаражаттарымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжат, кәсіпкердің дербес шотында ақша қаражаттарының немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттарының (халықтың әлеуметтік-осал топтарын қоспағанда) бары туралы банк шотынан үзінді;

8) өтініш берушінің халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат.

Өтініш, оған кәсіпкердің электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.