Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, кеңсе 302
Байланыс телефондары: +7 (727) 390-20-99, +7 (727) 390-20-69
Конкурстың мәні: Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін.
Конкурстың түрі: Ашық конкурс.
Бюджет: 200 млн. теңге.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада. Портал 24/7 режимінде жұмыс істейді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2025 жылғы «3» қарашадан бастап, 2024 жылғы «7» қарашаны қоса алғанда. Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға алынбайды.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін дәйексіз деректер немесе құжаттар ұсынылған жағдайларда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттар кәсіпкерге қайтарылады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://kezekte.kz/) сілтемесі бойынша беріледі.
Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp,
Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:
Кәсіпкердің (Kezekte.kz) веб-порталы арқылы
электрондық өтініш беру тәртібі
«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.
Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.
«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстардың бизнес-жобасына қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
3) «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.
Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.