

Медеу ауданында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Медеу ауданы әкімдігінің акт залында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімінің атынан өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты рәсім барысында азаматтардың өмірі мен тыныштығын қорғау жолында күн сайын қызмет атқаратын барлық құтқарушыларға алғыс пен құрмет сөздері айтылды. 30 жыл ішінде Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қиын кезеңдерден бастап дамудың, нығаюдың жолынан өтіп, бүгінде заманауи технологиялармен жабдықталған, жоғары деңгейде дайындалған құрылымға айналғаны атап өтілді.
Іс-шара тек құтқару қызметі қызметкерлеріне көрсетілген құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар олардың басты миссиясы - ең қиын сәттерде қорғау, құтқару және көмек көрсету екенін еске салды.
____
Торжественное мероприятие в честь 30-летия МЧС РК прошло в Медеуском районе
В стенах актового зала акимата Медеуского района состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к 30-летию Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.
От имени акима района сотрудникам пожарных подразделений были вручены благодарственные письма за преданность делу, высокий профессионализм и вклад в обеспечение безопасности населения.
Особая честь была оказана служащим пожарных частей, носящих имя выдающегося спасателя - героя, чьё мужество и самоотверженность стали символом профессии и примером для будущих поколений.
В ходе церемонии прозвучали слова признательности и уважения в адрес всех спасателей, ежедневно стоящих на страже жизни и спокойствия граждан. Было отмечено, что за 30 лет МЧС Казахстана прошло путь становления, развития и укрепления - от первых шагов в непростые годы до современных, высокоорганизованных структур с передовыми технологиями и подготовкой мирового уровня.
Мероприятие стало не только знаком уважения к сотрудникам службы, но и напоминанием о важности их миссии - защищать, спасать и помогать в самые трудные минуты.