Қала күні 2023

Қала күні 2023

Алматыда Қала Күні қалай тойланады

 

Алматыда 2-30 қыркүйек аралығында қала күніне орай ауқымы мен бағыты әртүрлі 30-дан астам негізгі оқиғалар өтеді.

Бұл мереке алматылықтар мен қала қонақтарының өмірінде ұмытылмас 30 күнтізбелік күнге созылады.

Қала күнін мерекелеу 2-3 қыркүйекте Алматыда «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында өтетін «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этномәдени фестивалінен басталады. Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Таулы Алтай, Өзбекстан, Бурятия, Қырғызстан сынды елдерден келген қатысушылар көшпелі халықтардың дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық ойыны мен музыкасын ұсынады.

Фестивальде ең мықты этно музыканттар мен спортшылар, аңшы құстары бар аңшылар мен қолданбалы өнер шеберлері өз таланттарын көрсетеді. Этномәдени фестивальдің негізгі мақсаты-көшпелі халықтардың ежелгі тарихын жаңғырту, әр ұлттың болашақ ұрпаққа ұлттық бірегейлігін түсіндіру.

Биыл барлығымыз жақсы көретін Artbat Fest-ті жандандырып жатырмыз, қаланы Алматы мен алматылықтар үшін арнайы заманауи қазақстандық суретшілер жасайтын мультифункционалды smart нысандар безендіреді.

Содан кейін жыл сайынғы «Kitap Fest» кітаптар фестивалі өтеді. Өзінің дамуының 9 жылында, тым үлкен емес мәдени іс-шарадан Kitap Fest елдің ең ауқымды кітап алмасулары, сирек дәрістер, жазушылармен кездесулер, кітап презентациялары мен конкурстар өтетін жалпы республикалық зияткерлік платформаға айналды. Айта кету керек, іс-шараға 20 мыңнан астам адам, 85 кітап дүкені, 65 пікір көшбасшысы өздерінің сүйікті туындыларымен бөлісті.

Алматылықтардың көптен бері жақсы көретін қыркүйек айындағы оқиғаларын, атап айтқанда Оркестрлер фестивалін, «Көк-Төбе Опера» классикалық музыка фестивалін, «Алматым жүрегімде» ән байқауын және «ETHNOTRONICA Almaty» электронды музыка фестивалін атап өткен жөн - мұнда басты open-air-сахнадағы үздік этно-орындаушылар қалалар Қазақстаннан келген электронды әртістермен ынтымақтастықта өнер көрсетеді. Эксклюзивті үш сағаттық шоуды Венгрия, Грузия, Өзбекстан, Тыва, Таулы Шория және Қазақстанның үздік ұжымдары мен солистері жасайды. Грузия мен Өзбекстаннан келген би-топтары дәстүрлі аспаптардың таңғажайып дыбыстарының ерекше әлеміне енуге көмектеседі.

Алайда, ең маңызды, ең ауқымды шара - екі күн бойы алып Алма саябағына айналатын Тұңғыш Президент саябағындағы «Apple Fest» (16-17 қыркүйек). Өткен жылы Apple Fest - тегі әйгілі Алма базары, дәм жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламаларға, 100 мыңға жуық алматылықтар мен қала қонақтары келді, биылғы жылы Алматының бірегей алма өлкесі ретіндегі даңқын жандандыруға арналған заманауи іс - шара одан да көп адамды тартады деп күтеміз. Облыстық шаруашылықтар сататын алма саны да артады – өткен жылы 100 тоннаға қарағанда биыл 127 тонна болады. Сондай-ақ, Apple Fest-те қаланың дамуына ерекше үлес қосқан алматылықтарды марапаттау өтеді, ол түрлі волонтерлік ұйымдардың өкілдері.

Бір мезгілде Алматының 8 ауданында және Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде «Туған күніңмен, Алматым!» атты фестиваль өтеді. Өткен ғасырдың 80-90 жж. рухын Алматының заманауи қалалық мәдениетінің қоржынына қайтаратын шара болмақ. Қала өзінің ерекше гүлденуін бастан және оның негізгі ерекшеліктері: космополитизм және басқа мәдениеттерді бейімдеу үшін ашықтық, қонақжайлылыққа және шығармашылық мәдени дамуға деген құштарлығын көрсетуге тырысуда. Сондықтан да қала күні мерекелеу аясында жанды музыканы сүйетіндерге Live Band тобының орындауында музыка кеші ұйымдастырылады, әуесқойлар «Льдинка» ресторанының алаңында ескі Алматының әндерін тыңдай алады.

Apple Fest - барлық қалалықтар мен Алматы қонақтары үшін ғаламат бірегей мереке алаңы, ал «Туған күніңмен, Алматым!» - ретро-флерлі іс-шара, ол әрбір алматылықтың ерекше келбеті мен сипатын көрсете алатынын естеріңізге салғымыз келеді.

Қаланың барлық орындары автобус қатынасымен қосылады. Көлік жұмыс кестесін сағат 00.00-ге дейін өзгертеді. Ал, кешке қала тұрғындарын Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Алматы кавер шоу» және «Сағындым Алматымды» атты музыкалық кеште күтеміз.

Соңғы іс — шара «Shaisheik Food Fest» - қала тұрғындары мен қонақтары үшін еліміздің кең гастрономиялық панорамасы мен бай ойын-сауық бағдарламасын үйлесімді үйлестіретін мереке болады. Бауырсақ қосылған дәмді шай, тағамдар, балалар ойындарына арналған кеңістік ұйымдастырылады.

Фестиваль отбасылық құндылықтарды нығайтуды, ұлттық дәстүрлерді қолдауды, ортақ демалыс пен мәдени алмасу арқылы Қазақстан халқының достығы мен ұлтаралық келісімін нығайтуды басты мақсатқа қояды.

Өткен жылдары жұртшылық осындай мерекелер өткізу қаншалықты дұрыс деген екіұшты пікір білдірді. Мұның бәрі пікір-талас үшін. Алайда, біздің бәрімізге сүйікті Алматыны ұлықтау біздің бірлігімізді нығайтып, мақтаныш сезімін тудыратынын ұмытпағанмыз жөн; сондай-ақ біз: «Иә,біз барлығымыз  – алматылықтармыз және бұл қала әрқайсымыздың жүрегімізде!» деп қуана айта аламыз. Біздің көзқарасымыз мынадай:  жоспарлы белсенді әлеуметтік жұмыс жүргізу аса маңызды, алайда осындай мерекелер де қажет, ол   ұялмайтындай лайықты және сапалы болуы тиіс. 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ