«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудандық «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» байқауы

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудандық «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» байқауы

Конкурсты өткізу мерзімдері:
Конкурстың басталуы: 2026 жылғы 14 қыркүйек.
Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 14 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін, екі апта ішінде.
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау: 2026 жылғы 6–8 қазан.
Конкурс үш негізгі топ бойынша өткізіледі:
«Таза аула» — көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерінің аулалары арасында;
«Таза көше» — көшелер арасында (жеке сектор мен шағынаудандарды қоса алғанда);
«Үздік мердігер» — өздеріне нақты бекітілген учаскелерге қызмет көрсететін мердігерлік және басқарушы ұйымдар арасында.
Аудандық деңгейде әр номинация бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар конкурстың келесі кезеңіне (қалалық/республикалық) қатысу үшін ұсынылады.
Конкурсты өткізу және қорытынды шығару конкурсқа дайындық және оны өткізу жөніндегі конкурстық комиссияға жүктеледі. Конкурстық комиссияның негізгі функциялары — өтінімдерді қарау, материалдарды зерделеу және қорытынды шығару. Конкурстық комиссияның шешімдері қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамалармен ресімделеді.

 

ЕРЕЖЕ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» аудандық конкурсын өткізу туралы