«БЕКІТЕМІН»
Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі
«___» қыркүйек 2026 жыл
ЕРЕЖЕ
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула, таза көше, үздік мердігер» аудандық конкурсын өткізу туралы
1.1. Конкурсты «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырады.
1.2. Конкурс «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға, сондай-ақ тұрғындардың бастамашылдығын дамытуға, аулаларға іргелес аумақтарды күтіп ұстауды, абаттандыруды және көгалдандыруды жақсартуға бағытталған. Жоба аудан аумағында тұруға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
1.3. Конкурсты өткізу мерзімдері:
1.4. Конкурс үш негізгі топ бойынша өткізіледі:
1.5. Аудандық деңгейде әр номинация бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар конкурстың келесі кезеңіне (қалалық/республикалық) қатысу үшін ұсынылады.
1.6. Конкурсты өткізу және қорытынды шығару конкурсқа дайындық және оны өткізу жөніндегі конкурстық комиссияға жүктеледі. Конкурстық комиссияның негізгі функциялары — өтінімдерді қарау, материалдарды зерделеу және қорытынды шығару. Конкурстық комиссияның шешімдері қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамалармен ресімделеді.
1.7. Конкурсқа ауданның барлық тұрғындары қатысуға құқылы. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады.
1.8. Өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі, өтінімге ұсынылып отырған нысанның кемінде 5 фотосуреті міндетті түрде қоса беріледі.
Белгіленген мерзімнен кейін, яғни 2026 жылғы 28 қыркүйектен кейін ұсынылған конкурстық материалдар қарауға қабылданбайды.
2.1. «Таза аула» атағы мынадай талаптар орындалған жағдайда беріледі:
2.2. «Таза көше» атағы мынадай талаптар орындалған жағдайда беріледі:
2.3. «Үздік мердігер» атағы бекітілген аумақтарды тазалау сапасын бағалау қорытындысы бойынша комиссия шешімімен беріледі. Бағалау кезінде аумақтарды қоқыстан тазалау, жинау, урналарды тазалау және санитариялық өңдеу жұмыстары ескеріледі.
Комиссия мердігер ұйымның жұмысына қатысты тұрғындар тарапынан негізделген шағымдар мен ескертулердің бар-жоғын немесе жоқтығын ескереді.
Өтінімге мердігерге бекітілген аумақтардың мекенжайлық тізбесі қоса беріледі.
3.1. Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді қарау кезінде нәтижелерді тіркеу үшін нысанға барып тексеру жүргізеді.
3.2. Конкурстық жұмыстар әрбір топ бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес бағаланады. Әрбір критерий бойынша 0-ден 5 балға дейін қойылады.
3.3. Әрбір топ бойынша конкурстың жеңімпазы комиссияның барлық мүшелері қойған балдарды қосу нәтижесінде ең жоғары балл жинаған қатысушы болып табылады.
3.4. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау 2026 жылғы 6–8 қазан аралығында жүргізіледі. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен марапаттар табысталады.
№1 қосымша
«Таза аула, таза көше» конкурсына қатысуға арналған ӨТІНІШ НЫСАНЫ
Конкурстық комиссия төрағасына
ӨТІНІШ
Конкурста __________________ атағын алуға қатысу үшін
(конкурс топтарының біреуі көрсетіледі)
[ ] «Таза аула»
[ ] «Таза көше»
(жеке тұлғалар үшін – Т.А.Ә., заңды тұлғалар үшін – мекеменің/КСК/ОСИ атауы)
(жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғалар үшін – орналасқан мекенжайы)
көрсетілген қатысушыны __________________ атағына конкурсқа қатысушылар қатарына қосуды сұраймын.
Конкурстың шарттарымен келісемін.
Байланыс телефоны: __________________________________
«___» __________________ 2026 жыл
__________________ / __________________
(қолы) (инициалдары, тегі)
№2 қосымша
«Үздік мердігер» атағына арналған конкурсқа қатысуға өтініш нысаны
Конкурстық комиссия төрағасына
ӨТІНІШ
«Үздік мердігер» атағына конкурсқа қатысуға өтінімдерді кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары береді.
Өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
Конкурстың шарттарымен келісемін.
Байланыс телефоны: __________________________________
«___» __________________ 2026 жыл
__________________ / __________________
(қолы) (инициалдары, тегі)