2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақтөбе облысы  Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары  әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2023 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 28357 азамат енгізілді. Дауыс беруге –                  20 673 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 10, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 429 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 9.

Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

 

Қобда ауданы бойынша

          Амантаев Бағдат Ақмалайұлы үшін сайлаушылардың 1599 дауысы берілді,

Мусаев Бауыржан Әлменұлы үшін сайлаушылардың 891 дауысы берілді,

Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы үшін сайлаушылардың 4672 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 38.

 

Ойыл ауданы бойынша

Алдияр Арсланбек Алдиярұлы үшін  сайлаушылардың    943 дауысы берілді,

Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы үшін сайлаушылардың 3742 дауысы берілді,

Сұлтанов Айбек Өтегенұлы үшін сайлаушылардың 2154 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 140.

 

Ырғыз ауданы бойынша

Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы үшін сайлаушылардың 1091 дауысы берілді,

Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы үшін сайлаушылардың 3819 дауысы берілді,

Таубатыров Альбек Скендерович үшін сайлаушылардың 1397 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 62.

 

Сайлау қорытындыларымен Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарының әкімдері болып:

Қобда ауданы бойынша - Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы сайланды,1978 жылы туған, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылында тұрады;

 

Ойыл ауданы бойынша – Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы сайланды, 1962 жылы туған, Ойыл ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының  Ойыл ауылында тұрады;

 

Ырғыз ауданы бойынша - Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы сайланды, 1968 жылы туған, Ырғыз ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында тұрады.

 

Ақтөбе облыстық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
06 ноября 2023