Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындау туралы

Хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округтердің және Қандыағаш қаласының әкімдерін сайлауды 2022 жылғы              11 желтоқсанға тағайындады:

 

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:

1) Қандыағаш қаласында

2) Құмжарған ауылдық округінде

 

  1. Ойыл ауданында әкім сайлауы:

1) Ш.Берсиев атындағы ауылдық округте

 

  1. Шалқар ауданында әкім сайлауы:

1) Бершүгір ауылдық округінде

 

         Бүгін 2022 жылғы 11 қарашада аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауылдық округтердің және Қандыағаш қаласының әкімдерін сайлау тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2022 жылдың 11 желтоқсанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы                        12 қарашадан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
11 ноября 2022