ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2025 жылғы 4 маусым № 15 Ойыл ауылы
|
Ойыл ауданының Қараой ауылдық
округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 1-тармағы, 2) тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын:
- Ауылдық округтің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 5 маусымынан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылдың 17 маусым күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22 маусым күнгі сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Ойыл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Бисекенов
|
|
Ойыл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Н.Кенжебеков
|