Темір ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Темір ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын:

  -   Ақсай ауылдық округі әкімінің;

  -   Саркөл ауылдық округі әкімінің.  

  1. Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 17 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы  2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Темір ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
04 июня 2025