2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Темір аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Темір аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1827 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1116 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 3 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 2 сайлау округі бойынша

Абдуллин Алтай Кабылгазизович үшін сайлаушылардың 665 дауысы берілді,

Алпан Гүлназира Мәдиқызы үшін сайлаушылардың 213 дауысы берілді.

Сәлімгерей Асан Саматұлы үшін сайлаушылардың 226 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2.

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№ 2 сайлау округі бойынша – Абдуллин Алтай Кабылгазизович, 1973 жылы туған, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-«ГП Ақтөбе бөлімшесі филиалы» Шұбарқұдық бекетінің басшысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті.

 

 

Темір аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Темір аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
10 декабря 2024