Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша қорытындысы

 

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі

 әкімінің сайлауы бойынша қорытындысы

 

 

2021 жылғы 22 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Бершүгір сайлау округі

Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1175 азамат енгізілді, олардың 768-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 48, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бисенбин М.У. – 234; Жұбаназар А.К. – 473;  Томанбаев Ә.Т. – 6; Турганбаев М.А. – 3.

Жұбаназар Айтқали Кәрімұлы , 1973 жылы дүниеге келген, Бершүгір ауылдық округ әкімі,  Бершүгір ауылдық округінің Бершүгір станциясының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Бершүгір ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 23 тамыздағы  шешімімен 2021 жылғы                 22 тамызда сайланған Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Шалқар аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

23 тамыз 2021 жыл

 

Дата публикации
23 августа 2021