Меню
Страницы

Аким Мартукского района Медет Искаков поздравил мартучан с праздником Наурыз

Аким Мартукского района Медет Искаков поздравил мартучан с праздником Наурыз

Құрметті ағайын! Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңа жылдың бастауы, көктемнің жаршысы, табиғаттың жаңаруы мен адамзаттың жаңа үмітпен өмірге қадам басуының символы. Бұл күн, біздің дәстүріміздің тереңінен бастау алып, әрбір жанның жүрегінде жылы, қуанышты сезімдер қалдыратын ерекше кезең.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі десе, Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған. Мейрамның терең философиялық мазмұны жақсылықты ешқашан ұмытпай, қайырымдылықтың қадірін білуге және табиғатпен үндестікте өмір сүруге үндейді.» - деп атап өткен.

Әз-Наурыз мерекесі баршаға игілік пен береке әкеліп,  әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын!

Ұлыстың ұлы күні барлық тілектеріміз орындалып, елімізде бейбітшілік пен бірлік нығая берсін!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ырыс несібелеріңіз арта берсін.

Мереке құтты болсын!

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК