
Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары және қонақтары!
Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ерекше қастерлі Рамазан айымен құттықтаймын!
Бұл ай – әр шаңырақты бақыт пен берекеге бөлейтін, әр кеудені Жаратушыға деген сенім мен иманға кенелдіретін құдіретімен ұлық. Сондай күш-қуатымен, тәрбиемен тағылымға толы. Ол әрбіріміздің бойымызда қанағатшылдық, шүкіршілік, кешірімділік, бауырмалдық сияқты қасиеттерді бекемдейді. Сондықтан да баршаңызға Рамазан айының рахатын мейлінше сезінуге, қасиетті айда жан мен тәндеріңіздің толықтай тазарып, рухани қуат алып, көркем мінез бен кемелдікке жетуге тілектеспіз. Осы айдағы әр күнімізді ізгі амал-әрекеттерге, қайырымдылық пен мейірімге толтырып, игілікті істердің басынан табылуға тырысайық.
Баршамыздың ниет-тілектерімізді қабыл етіп, отбасыларыңызға амандық, бақ- береке тілейміз!
Оразаларыңыз қабыл болсын!