Меню
Страницы

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мейрамы – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Адам баласын имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін асыл дініміз – исламды Қазақстан халқының басым көпшілігі ұстанады. Құрбан айт адамдардың бір-біріне өзара мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа үндейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды жақындастыратын қасиетті мейрам.

Тәуелсіздігіміз орнығып, Қазақстан өз алдына ел болғаннан бері, Құрбан айт күндеріне арнайы демалыс белгіленіп, ресми түрде аталып өтуде. Қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде.

Бүгiнгi таңда елімізде мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдар тарапынан ел арасындағы бiрлiктi бекемдеуге, тұрақтылықты сақтауға, қоғамдағы конфессияаралық және ұлтаралық келiсімді нығайтуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ауданымыздағы мұсылман жамағаттарымыз қоғам өмірінен сырт қалмай, бейбiтшiлiк пен рухани бірлікті нығайтуда.

Қадірменді аға-бауырлар! Ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашатын, береке мен бірлікті, мейірім мен меймандостықты арттыратын Құрбан айт мейрамы қарсаңында береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!

Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Баршамызға шапағат нұрын жаудырып, бүкіл ел болып бастаған игі істеріміздің жемісін көруге жазсын! Болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
 
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Алмас Салықбаев!

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК