Мәртөк ауданының ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1 және 2 тармақшаларына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мәртөк ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
жылғы 13 шілдеге тағайындалсын:
- Қаратоғай ауылдық округі әкімінің;
- Қарашай ауылдық округі әкімінің;
- Қызылжар ауылдық округі әкімінің.
2. Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 17 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3.Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын.
Мәртөк аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Тыныспаев
Мәртөк аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Райзих
№ 8
04.06.2025ж.