Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі — өтініш);
  2. Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;
  3. өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2021 жылғы 30 желтоқсаннан 2022 жылғы 9 қаңтарға дейін жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 643 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, электрондық пошта мекенжайы: msb522@mail.ru

Анықтама телефоны: 8 (7132) 742-180 (ішкі 112, 114)

Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидалары

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

Арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және Арнаулы комиссия туралы ереже

Қосымшалар

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпарат

Ақпарат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес дайындалды.

2021 жылғы 24 маусымда Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олардың бірі әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік санаттары, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады.

79-1-бапқа сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін, осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді:

Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:

Бірінші санаттағы ӘКС – алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың орташа жылдық саны ӘКС жұмыскерлері арасында кемінде елу пайызды (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі тұлғаны) құраса, ал осындай санаттардың кез келгеніне (бір немесе бірнеше осындай санаттарға) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі бес пайыздан кем болмайтын жағдайда, азаматтардың мынадай санаттарының жұмыспен:

мүгедектерді;

мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

қандастарды;

Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес:

Екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;

Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:

үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектердің тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектерге, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес жүзеге асыратын ӘКС;

Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі.

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
  2. осы Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;
  3. өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

Бірінші санаттағы ӘКС үшін:

Жеке кәсіпкер немесе ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

  1. өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;
  2. ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;
  3. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;
  4. осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;
  5. ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.

Екінші санаттағы ӘКС үшін:

ӘКС-тің екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

  1. осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтерді;
  2. осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

Үшінші санаттағы ӘКС үшін:

ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

  1. осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
  2. осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

Төртінші санаттағы ӘКС үшін:

ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

  1. осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;
  2. осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

Өтініштерді қабылдау жыл сайын 10 қаңтарға дейін және тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 643 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, электрондық пошта мекенжайы: msb522@mail.ru

Анықтама телефоны: 8 (7132) 742-180 (ішкі 112, 114)

Қосымшалар