«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ырғыз ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалсын.
- Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 10 сәуірден басталып, 2025 жылғы 22 сәуірде сағат он сегізде аяқталсын.
- Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 27 сәуірде сағат он сегізде аяқталсын.
- Осы қаулы аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Итібаев
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Д. Қызбергенов
Ырғыз ауылы
2025 жылғы 9 сәуір
№1