Ырғыз ауылдық округі - Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округтің әкімшілік орталығы - Ырғыз ауылы.
Ауылдық округтің тұрғындары 7629 адамды құрайды (2020 жылдың басында).
Ырғыз ауылдық округінде Ақши, Ырғыз, Қалыбай елді мекендері бар.
«Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста аумақтың мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президентінің және Үкіметінің актілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ырғыз ауылдық округі әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және басқа да қолдауды жүзеге асырады.
Мекенжай | 030400, Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі Ырғыз ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 12 |
Байланыс | 8(713432)21-6-87 |
Е-пошта | a.orazymbetova@aktobe.gov.kz |