Ақтөбе облысы Хромтау ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2021 жылғы 25 шілдеде Хромтау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 4  сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Хромтау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Хромтау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Ақжар сайлау округі

Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1673 азамат енгізілді, олардың 1553 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлмұратов Н.Б. - 181; Дүйсенбин Б.Ж. – 961; Жолмұхамбетова А.Б. – 397.

Дүйсенбин Болатбек Жалғасұлы, 1973 жылы дүниеге келген, Ақжар орта мектебінің мұғалімі, Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылының тұрғыны, «Адал» партиясы ұсынған Ақжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Табантал сайлау округі

Табантал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 361 азамат енгізілді, олардың 331 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кәкімжан Н.С. - 42; Наренова А.Б. – 68;  Шакизаев Р.Ж. - 198.

Шакизаев Рүстем Жораұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бас маманы, Хромтау қаласы Хромтау ауданының тұрғыны, «Ақ жол» партиясы ұсынған Табантал ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қопа сайлау округі

Қопа ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 820 азамат енгізілді, олардың 758 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Біржанова А.К. - 105; Бұсұрманова А.М. - 583; Минайдаров Ж.М. - 56.

Бұсұрманова Айгүл Мейрамбайқызы, 1971 жылы дүниеге келген, Қопа орта мектебінің мұғалімі, Қопа ауылдық округінің Қопа ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясы ұсынған Қопа ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Аққұдық сайлау округі

Аққұдық ауылының әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 280 азамат енгізілді, олардың 270 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлмұханов А.Н. - 22; Ташенов К.К. - 221;  Тлеубаев К.А. – 18.

Ташенов Қайрат Қажығалиұлы, 1965 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Майтөбе ауылы Хромтау ауданының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Аққұдық ауылының әкімі болып сайланды.

Хромтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Хромтау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

Хромтау аудандық сайлау комиссиясы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
Дата публикации
26 июля 2021