Хромтау ауданының ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Хромтау ауданының ауыл әкімдеріне

кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

 

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 4 сайлау округінде 12 кандидат, оның ішінде 5(41,7%) - саяси партиялармен, 7 (58,4%)- өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар 4 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: "NurOtan" партиясы - 1 кандидат, "Ауыл" ХДПП - 1 кандидат, "Ақ Жол" ҚДП - 1 кандидат, "АDAL" КП - 1 кандидат, НПК - 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 1 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды және барлық 12 кандидат тіркелді.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде 3 адамнан ұсынылды. 

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 12 кандидат тіркелді (100%).

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
10 июля 2021