Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді.
Аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.
Біз Ақтөбе облысының әлеуеті зор екендігін дәлелдеп, білім саласында батыл жобалар мен бастамаларды жүзеге асырудамыз.
Бұл жерде ақтөбелік әрбір педагогтың еңбегі бар деп айтуға болады.
Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан