Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хабар 26.07.2021 ж.

Хабар 2021 жылғы 25 шілдеде Байғанин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау үш сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

            Көлтабан сайлау округі

Көлтабан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1383 азамат енгізілді, олардың 1167-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 21.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бітімбай С.М. - 702; Сатқанғали Т.Д. - 384; Спанов Қ.Қ. - 48.

Бітімбай Сүлеймен Масабайұлы, 1963 жылы дүниеге келген, Көлтабан ауылдық округінің әкімі, Көлтабан ауылдық округінің Жарлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Көлтабан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Қызылбұлақ сайлау округі

Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1051 азамат енгізілді, олардың 922-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 24, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 30.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аденов Н.А. - 168; Жакасов К.Т. - 76; Жұмабаев А.Н. - 624.

Жұмабаев Асыламбек Нұрлыбекұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Кемерши ауылдық клубының меңгерушісі, Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылының тұрғыны, Қазақстан Халық партиясы ұсынған. Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Сартоғай сайлау округі

Сартоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 744 азамат енгізілді, олардың 693-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 15, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әбдіров Н.Г. - 69; Махан А.Б. - 574; Мекалаев С.К. - 30.

Махан Асқар Бітімбайұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Сартоғай ауылдық округінің әкімі, Сартоғай  ауылдық округінің Алтай батыр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Сартоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды

Байғанин аудандық сайлау комиссиясы

Сообщение об итогах выборов акимов сельских округов Байганинского района от 26.07.2021 г.
Дата публикации
26 июля 2021