Меню
Страницы

Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 369 «2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 369 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 227 473 мың теңге:

салықтық түсімдер – 39 910 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 278 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 185 285 мың теңге;

2) шығындар – 235 459,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 7 986,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 986,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 986,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Алға аудандық мәслихатының

            төрағасы                                                                            М.Тулеуов

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК