2023 жылғы 29 қазанда өткен Ақтөбе қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 29 қазанда бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақтөбе қалалық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 10248 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 6233 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша -0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 161 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№ 32 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бериков Нурсултан Берикулы үшін сайлаушылардың 1527 дауысы берілді,
Ильясов Куаныш Аргинович үшін сайлаушылардың 975 дауысы берілді,
Мектепбаев Олжас Амангельдыевич үшін сайлаушылардың 3692 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 30.
Сайлау қорытындысымен № 32 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихаттың депутаты болып - Мектепбаев Олжас Амангельдыевич сайланды, 1983 жылы туған, «Aqtobe su-energy group» АҚ бас инженері, Ақтөбе қаласы.
Ақтөбе қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы