Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Әйтеке би ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

Әйтеке би аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Әйтеке би ауданының ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының         1) тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын.
  • - Жамбыл ауылдық округі әкімінің;
  • - Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің;
  • - Үшқатты ауылдық округі әкімінің.
  1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы            5-ші маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы                      17-ші маусым жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  2. Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22-ші маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

        Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

 

       Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

     № 18

04.06.2025 ж.

 

Дата публикации
04 июня 2025