Меню
Страницы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті

Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алаңына жиналған жұртшылық саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухтарына тағзым етті.
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.
Бұл мемлекетіміздің тарихи әділеттілікке айқын жол ашқан дәйекті ұстанымы еді.
Шараға жиналған мекеме басшылары мен қызметкерлер, ардагерлермен мен жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап құлпытасқа гүл шоқтарын қойды.
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін Алаш қайраткерлерінің рухтарына арнап аудандық орталық мешітінің имамы Урисбаев Даурен құран бағыштады.
Шараның жалғасы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Зұлмат жылдар зардабы" дөңгелек үстелмен жалғасты.
Шараның мақсаты 30-жылдардағы ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ халқына ашаршылықтың қалай келгені туралы жан - жақты мағлұмат беру. Репрессия жылдары жазықсыз жала құрбандары болып кеткен тарихы тұлғаларды мәңгі есте сақтау мақсатында жастар санасын жаңғырту, ұлт ұлыларына тағзым ете білуге үйрету.
Шара аясында ардагерлер сол бір жылдарды еске алып, жастарымыз өлең жолдарымен жалғады.
Шарада "Репрессия құрбандарынан" мұрағат және кітап көрмесі өтті.
Социальные медиа
Акимат Тупкараганского района
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК