Лого
Меню
Страницы

Аудан басшысы бірқатар нысанның жұмысын аралады

Аудан басшысы бірқатар нысанның жұмысын аралады

Аудан басшысы бірқатар нысанның жұмысын аралады

 

Аудандағы үш ауысымды мектептің бірі Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас қосымша құрылыс жұмысы басталды. Қос қабатты жапсарлас 200 орындық құрылыс сызбасында спорт зал, асхана және пәндік оқу кабинеттері қарастырылған. Іргесі бой көтерген құрылыспен танысқан аудан әкімі бас мердігер "АС- ҚҰРЫЛЫС" ЖШС өкіліне жұмысты уақытында сапалы аяқтауды тапсырды.

Аудан әкімі содан соң Маңғыстау ауданының "95 жылдығына 95 игі іс" жоба аясында күрделі жөндеу жұмысынан өткен 15 - ші үйге барды. Жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын үйдің шатыры толық ауыстырылып, баспалдақ теппелері жаңартылған. Сыртқы сылақ жұмыстары мен бояуы үйге жаңа келбет бергендігі көрініп тұр.
Пәтер иелері бірнеше жылдан бері айтылып жүрген өтінішті жерде қалдырмаған аудан басшылығына риза болып, демеуші Қалмұрат Мерекеұлына алғыстарын жаудырды.

Аудан әкімі барған келесі нысан орталық жылу қазандығы ғимараты болды. «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып, күн жылынып басталысымен келер қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталды. Осы орайда ғимаратымен қоса жөндеу жұмысы жүргізілетін жылу тарату қазандығы орналасқан орталықта М.Сарбалаев пен Т. Ерманов жылу қазандығының орталықтан жылытылатын 23 этаж үйлер, барлық әкімшілік ғимараттар мен Б. Жұмалиев, Шетпе гимназиясы, спорт , өнер мектептері, ППТК мен "Балбөбек", "Балдырған" бөбекжайына жылу тарататын 3,5 шақырым құбырды толықтай ауыстыру, жылу қазандығы орналасқан және қосымша ғимараттарды ағымдағы жөндеу (есік, терезе аудару, т. б.), жаңадан екі қазандық пешін қою, жанындағы мұржаны бұзып, орнын тазалау, басқа да жұмыстарды таныстырды. Аталған жұмыстар толық орындалғасын жылу қысымы қалыпты жағдайда болмақ.

Сонымен бірге, этаж үйлердің су мәселесіне тоқталсақ: тұрғындар "Теміржол- Су" ЖШС-гі теңгеріміндегі темір құбырдан тат араласқан ауыз су пайдалануға мәжбүр болып келді. Осы құбыр су көзінен ажыратылып 2014 жылы "Ақбұлақ" бағдарламасымен тартылып "Дария" МКК теңгеріміндегі пайдаланусыз тұрған пластикалық құбырға жалғанып, одан әрі пластикалық құбыр "Теміржол- Су" ЖШС-гі теңгеріміне беріледі. Жұмыс аяқталған соң тұрғындар таза ауыз су тұтынуға қол жеткізетін болады.
Ендігі кезекте қос қабатты үйлердің ішкі жылу жүйесін реттеу пәтер иелерінің еншісінде болмақ.

Аудан әкімі жауапты тұлғаларға жылу қазандығының жөндеу жұмысын сапалы жүргізуді қадағалауды және алдағы қыста кездескен қиындықтар қайталанбау қажеттігін ескертті.

Социальные медиа
facebook.com
Меню подвал
Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития