Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

         2025 жылдың 2 қарашада Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының       14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Тұщықұдық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 897 сайлаушы енгізілді, олардың 748-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 28, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алиев Расул Тлегенович - 41, Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы - 629, Садикова Шуак Канатовна - 72.

Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болып Мергенов Наурызбек Оразғұлұлы сайланды, 1998 жылы туған, «Тұщықұдық ауылдық округінің аппараты» ММ, бас маман. Тұщықұдық ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 

Дата публикации
03 ноября 2025