Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы
ХАБАР
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, 2025 жылғы 07 қазан күні 2 (екі) кандидатты тіркеді:
- Алиев Расул Тлегенович, 1993 жылы туған, қазақ, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ, директордың орынбасары, Басқұдық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен.
- Садикова Шуак Канатовна, 1974 жылы туған, қазақ, «Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Тұщықұдықауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен.