Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбе Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын, сондай-ақ осы бұйрықтан туындайтын өзгеде шаралар қабылдансын.
3. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөлім басшысы Д.К. Есенова