ҚМА қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

ҚМА қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде тексере алады.

Айта кету керек, Агенттік ағымдағы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.

Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.

Cаll-центр: 1458

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі