Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулына тестілеудің бірінші күні туралы

Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулына тестілеудің бірінші күні туралы

21 шілдеде «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулына» қабылдауға үміткерлерді тестілеудің бірінші күні өтті.

Үміткерлердің тізімі келесі сілтеме бойынша жарияланады.

Күніне 10 адамды шақырамыз (түске дейін 5, түстен кейін 5 адам). Олардың әрқайсысы құзыреттілікті бағалаудан, IQ-тесттен өтеді, кездейсоқ тақырыпқа эссе жазып, мотивациялық бейне түсіреді.

Тестілеу бірінші күнінің нәтижелері:

10 адамнан тестілеуге 4 үміткер келген жоқ:

- 1 үміткердің қызуы көтеріліп, сәйкесінше тестілеу күнін басқа күнге ауыстырдық,

- 2 үміткер объективті жағдайларға байланысты келе алмады, бірақ біз бұл туралы бүгін таңертең ғана білдік,

- 1 үміткердің телефоны өшірулі болды, бізге оның келмейтіні жайлы ескертілген жоқ.

Барлық үміткерлер 21 шілдеде құзыреттерін бағалаудан өтетіні жайлы алдын ала хабардар болғанын атап өткіміз келеді.

Тестілеуді ұйымдастыруға Агенттіктің 7 қызметкері жұмылдырылды. Осылайша, тестілеуге келмеу үміткерлердің жауапкершіліксіздігі және Агенттік қызметкерлерінің еңбегін құрметтемеу деп санаймыз.

Бірінші ретте біз түсіністікпен қарап, келмеген үміткерлердің күндерін ауыстыруға дайынбыз.

Құрметті үміткерлер!

Егер сізді құзыреттілікті бағалауға шақырса, бірақ сіз келе алмасаңыз, алдын ала ескертуіңізді сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Жас мамандар пулына іріктеуге қатысу үшін өтінімді а. ж. 31 шілдесіне дейін сілтеме бойынша жіберуге болады.

Сауалнаманы толтырмас бұрын екінші бағдарлама бойынша заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тест тапсыру қажет.

Тест сілтемесі.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Facebook | Instagram | Telegram