Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық құқық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Министрліктің уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

4. Департамент келесі алты басқармадан тұрады:

1) Екіжақты халықаралық шарттар жобаларын сараптау басқармасы;

2) Көпжақты халықаралық шарттар жобаларын сараптау басқармасы;

3) Құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарды жасасу және конвенциялық міндеттемелерді орындау басқармасы;

4) Адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру басқармасы;

5) Макроэкономикалық саясат бойынша экономикалық интеграция бірлестіктерінің жобаларын сараптау басқармасы;

6) Индустриялық даму бойынша экономикалық интеграция бірлестіктерінің жобаларын сараптау басқармасы.

2. Департаментінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

5. Мақсаттары:

ұлттық мүдделерін қорғау, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Республиканың әлемдік қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз етуге қатысу;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі құзыретінің шегінде халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға қорытындыларын дайындау және заңдық сараптамасын жүргізу, екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау және қолдануын тоқтату мәселелері бойынша, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық экономикалық интеграция шеңберінде міндеттемелерді іске асыру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына заңдық сараптамасын жүргізу.

6. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын, сарапшыларын тарту;

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамамен белгіленген тәртіппен сұрату және алу; 

өз құзыреті шегінде шетел мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

Министрліктің басшылығының келісімі бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметкерлерін тарту;

өз құзыреті шегінде өз міндеттеріне және жүктелген функцияларына сәйкес Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау;

Қазақстан Республикасының Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

Департаментке жүктелген функцияларды жүзеге асыру;

Департаменттің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен белгіленген міндеттерді орындау;

Жаңадан қабылданған, ұзақ демалыстағы, жұмыстан босатылған қызметкерлердің есептік жазбаларын құру/бұғаттау.

7. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, Қазақстан Республикасының қосылуы ұсынылатын халықаралық шарттарға заң сараптамасын жүргізу;

2) халықаралық шарттарды жасасуға, орындауға және тоқтатуға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілеріне заңдық сараптама жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін ратификациялауға жататын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

5) Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілерінің, халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына олардың Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу және келісу;

6) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша Әділет министрлігінің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, халықаралық шарттардың жобаларын және халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жасасу, орындау және қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; 

7) сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кеңестерді жүзеге асыру үшін ұйымдардың сарапшылары мен мамандарын тарту мақсатында бюджет қаражатын пайдалану;

8) Қазақстан Республикасының өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардың өзі үшін міндетті екендігіне келiсiм бiлдiру тәсiлдерiн айқындау;

9) Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша адам құқықтарын қорғау, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек және халықаралық ынтымақтастық, халықаралық экономикалық интеграция мәселері бойынша Одақ органдарының халықаралық шарттарының жобаларын және актілерінің жобаларын әзірлеу және жасасуға дайындау мәселелері жөнінде келіссөздерге қатысу;

10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жасасу, орындау және қолдануын тоқтату мәселелері бойынша адам құқықтарын қорғау, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша және халықаралық экономикалық интеграция және ЕАЭО шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша депутаттық сауалдар мен азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ ДСҰ және ЭЫДҰ шеңберіндегі құқықтық мәселелерге байланысты сауалдарды қарау және жауаптар дайындау;

11) Қазақстан Республикасының заңнамаларын үйлестіру және бірыңғайландыру бойынша адам құқықтарын қорғау, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек, халықаралық ынтымақтастық және халықаралық экономикалық шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттерге сәйкес жұмыстарға қатысу;

12) шетел мемлекеттердің өтінішхаттары мен сот тапсырмаларын қоспағанда, шетел мемлекеттердің азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы өтінішхаттарын орындау, сот шешімдері мен азаматтық хал актілерін тану және орындау, мемлекеттік тіркеуді, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;

13) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, имидждік бағдарламарын іске асырға қатысу, сондай-ақ Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтарын түсіндіру бойынша іс-шараларға қатысу;

14) адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы Үкімет жоспарларын үйлестіру және мониторингілеу;

15) адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде құзыреті Қазақстан Республикасы деп танылған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау;

16) мемлекеттік органдарға келіп түскен халықаралық сот органдарының сұрау салуларын қарау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған халықаралық сот органдарына өтініштердің жобаларын келісу;

17) Еуразиялық экономикалық одақ Сотының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты келісу;

18) уәкілетті мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына өтініштердің жобаларын келісу, дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сотына одан әрі жіберу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсыну.

3. Департаментінің қызметін ұйымдастыру

8. Департаментінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

10. Департамент Директорының орынбасарлары бар.

11. Департамент директоры құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

12. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаментінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.

13. Департаментінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның Департаментінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Директор, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

Ереже
Дата публикации
28 октября 2019