Борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалы және Жаңаөзен қаласы бойынша жеке сот орындаушылары азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.
Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындауда,борышкерлердің мүліктік жағдайы туралы ақпараты электрондық форматта алу және олар бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша мүмкіндіктерін кеңейту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен интеграциялау жүргізілді.
Атқарушылық құжаттың орындалуының бірі, ол борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжат болып табылады. Сот орындаушы борышкерді тек өзi ғана жасай алатын әрекеттi жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға мiндеттейтiн атқарушылық құжатты орындау кезiнде сот орындаушысы борышкерге мерзiм белгiлей отырып, осындай әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан екі айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді. Өндіріп алынатын өсімпұлдың шекті мөлшерін жеке тұлғалар үшін үш жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiштен, заңды тұлғалар үшiн тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндіріп алынатын өсімпұлдың мөлшері алты жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкер үшін он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда және егер борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау үшін борышкердің қатысуы міндетті болмаса және бұл әрекеттерді өндіріп алушы жасай алатын болса, сот орындаушысы осы Заңмен өзіне берілген құқықтарға сәйкес өндіріп алушының атқарушылық құжатты орындауын ұйымдастырады делінген.
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалы сот актілерін орындау мақсатында Заңға сәйкес борышкер сот шешімін орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңының 669 бабымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430 бабымен және алимент төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді.
Мемлекеттік сот орындаушысы
Худайбергенова К.