Меню

Страницы

Статья

Қазақстанның тәуелсіздік тарихы

1991 жылы желтоқсан айында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы таратылды. КСРО-ның құрамына кірген республикалар өздерінің тәуелсіз, егемендік мемлекеттерін құрды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Республикасының Жоғарғы Кеңес сессиясымен Қазақ Кеңес Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы атауына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сол сәттен бастап Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы өз тарихын аяқтады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап, жаңа мемлекеттің құрылуының заң негізінде кейбір құқықтық актілер шығарылды. Олардың ішіне Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы кіреді. Осы конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы таратылған кейін кеңестігінің барлық мемлекеттердің ішінен Республика ең соңғы мемлекеттік егемендігін жариялады.

Мемлекеттік егемендігін жарияланған сәттен бастап, еліміз «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесін тойлай бастады, осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылға толады. Тәуелсіздігін алу негізі халықтың ерік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан халқының тарихымен, оның өмірі және экономикалық пен саяси жүйесінің қайта құрылуы болып табылады.

Республиканың барлық елді мекендерінде жаппай мерекені тойлау, концерт бағдарламалары өткізіледі және белгілі мәдениет, ғылыми, спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылған кезінен бастап Қазақстан экономика мен саяси қайта құрылуына байланысты экономикасында үлкен табыстарға жетті. Қазақстан өзінің аумағын бекітіп және оның бүтін, бөлінбейтінін жариялады. Халықтың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тарты.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жеткен табыстары елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың нәтижесі болып табылады.

Жітіқара ауданаралық әділет басқармасы

Дата публикации
13 июля 2021
Дата обновления
13 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Информация
05 июня 2025
Қазақ тілі - бірегейліктің негізі
Информация
03 июня 2025
«Борьба с коррупцией - обязанность каждого»
Информация
03 июня 2025
Мемлекеттік тіл

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации